- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ерлі-зайыптылардың шығыспауындағы басты...
Ерлі-зайыптылардың шығыспауындағы басты себептер
Психологтар бір бөлім отбасындағы ерлі-зайыптыларға тексеру жүргізгеннен кейін, ерінің әйеліне, әйелінің еріне көңілі толмауының басты себептері төмендегідей болады деген қорытынды жасаған.
Отағасының көңілі толмайтындары:
- Әйелінің ауыз жаппай балпылдауы. Мейлі үлкен не кішкентай іс болсын, мейлі қай уақыт, қандай орын болсын, ауыз жаппай сөйлеуі.
- Өмірге ортақ әуестіктің кемшіл болуы. Әуестіктің сәйкеспеуі, өмірден ортақ ләззат алып қуанышқа бөленуге мойыны жар бермейді. Тіпті осы жайлы қақтығысып қалады.
- Кешірімшіл болмайды. Бұған ер азамат қашан да төзе алмайды.
- Әуестікке кедергі болады. Әрбір азаматтың өз әуесі болады. Бұл азаматтардың өмірінде орнын өгейсітуге болмайтын психологиялық тепе-теңдік факторы. Ерлер басқалардың өз әуесіне бөгет болуына әсте жол бермейді.
- Киім-кешегі ретті болмайды. Киімге талғамы жоқ әйелдер көп алдында күйеуінің абыройын түсіреді.
- Мінезі ұшқалақтар. Барлық ерлер жарының мінезді, байсалды болуын армандайды. Мінез-құлықтың ұшқалақ болуы неке қатынасының баянсыз болуындағы басты факторлардың бірі саналады.
- Қайын жұрттың немесе жігіттің ата-анасының осы отбасын басқаруға араласуы.
- Өзінен басқаны кісі құрлы көрмейтіндер. Өзін бір құдіреттің иесі сияқты біліп, өзін күйеуінен жоғары ұстайтындар.
- Пейілі тар, орынсыз қазғаныш отын қоздырып, үнемі керіс бастайтындар.
10. Отбасы жұмысына олақтар.
11. Тез шармаяқтасатын, тырнақ астынан кір іздейтін, үп еткеннің барлығына еретіндер. Қисынға жүгінбейтін дөрекілер.
Әйелінің көңілі толмайтын істері:
- Жар қадіріне жетпейтін өзімшіл еркектер. Әйел заты мейірімді ерді қажет етеді. Өзімшілдік махаббаттың қасы.
- Өз мамандығы немесе кәсібінде нәтижесі жоқ ерлер. Әйелдер қашан да өз күйеуінің елден ерек болуын армандайды, ең құрығанда дүрмектен қалмаса екен деп тілейді.
- Ренішке бірден жол беріп, жарының көңілін түсінбейтін еркектер. Егер ері әйеліне зауқы соқпаса, оған бола оны кінәлаудің қажеті жоқ.
- Істің бетін ашып, ашық-жарқын әңгімелеспейтіндер.
- Балаларына күйінбейтін, жанұясына деген махаббаты таяз, отбасылық көзқарасы жұтаңдар.
- Жанұясынан достарын жоғары қоятындар.
- Дөрекі, мәдениетсіз, адамгершілігі аздар.
- Құлшына ұмтылмайтын, азаматтық арманы кемшіл, бір қалыптан аумайтын ерлер.
- Бөтен әйел көрсе, қырындап шыға келетін көрсеқызарлар.
10. Өзгелерді жазғырғыш, ерлерге тән дарқандығы кемшіл, езбе-мылжың, болымсыз тындырған істеріне бола күпиіп, мақтанатындар.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: vk.com
M. Auelkhan