Бөлмеңізде гүл өсіргіңіз келсе...

Бөлмеңізде гүл өсіргіңіз келсе...

Салқын күндері суық тигізіп, тұмауға шалдыққанда иммунитет күшейтетін әдістерді іздеп әлекке түсеміз, дәріхана есіктерін қағамыз. Ал инфекция тудыратын вирустарды түбегейлі жеңіп шығатын ең оңай жол ойымызға да келмейді. Нені айтып отырғанымызды түсінген боларсыз. Әрине, бөлме өсімдіктері туралы.

Мәселен, цитрусты гүлдер, мирт, лавр, герань, фикус, алоэ, тіпті кактустың өзі мекеменің микроклиматын жақсартып, бөлмені әртүрлі зиянды химиялық заттардан тазартады.

Олар салқындатқыштың орнына ауаны да ылғалдандыра алады. Қытай ғалымдары олардың тиімді қасиеттерін толықтай дәлелдеген. 

Жоғарыда аталған "ең оңай жолды" құп көріп, бөлме өсімдігін өсіруді қолға алғыңыз келсе, төмендегі өсімдіктерге назар аударғаныңыз жөн: 

1. Хризалидокарпус

Арековтар отбасының мүшесі ауаны барлық токсиндер мен зиянды заттардан тазартады. Дұрыс күтілген жағдайда, жапырақтары бөлмеге көрік беріп, үй атмосферасын жақсарта түседі.

2. Фикус 

Фикус қалың етті жапырақтарымен, қанық жасыл түсімен және өсу белсенділігімен ерекшеленеді. Ол ауаны кірлететін заттардан тазартып, формальдегидтерге қарсы тұра алады. Сонымен қатар, аталған гүл төмен температура мен жеткіліксіз жарықты жақсы көтереді.

3. Спатифиллум

Мына бір экзотикалық өсімдік Гавай аралдарынан қоныс аударған. Оны кейде лилия деп те атап жатады. Ол ауадан спиртті, ацетонды, формальдегидті, бензолды жоя алады. Гүлдің әсемдегі туралы ештеңе айтудың керегі жоқ. Аса күтімді талап етпейтін өсімдік гүл өсіруді енді ғана бастаған адамдарға еш қиындық тудырмайды.

Бұны кейде "әйел бақыты" мен "еркек бақыты" гүлдері деп атап жатады. Бұл өсімдіктер туралы мына жерден толығырақ оқи аласыздар.

4. Финик пальмасы

Сіз оны бірнеше үйден ұшырастырдыңыз және көре сала, дәл осындай гүлді өсіруге деген құлшыныс пайда болды. Финик пальмасы көптеген бактерияларға қарсы тұрады, әсіресе, ксилолды жоя алады. Баяу өсетіндігімен, аса көп күтімге мұқтаж емес.

5. Дремск драценасы

Бұл өсімдік – трихлорэтиленнің басты жауы, оған ешбірі де қарсы тұра алмайды.

6. Алоэ

Алоэ шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп, бактерияға қарсы күресе алады. Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегі шығара алады. Сондықтан да оны ұйықтайтын немесе адам көп жүретін бөлмеге қойған жөн.