Үй ішін аллергендерден қорғаудың жолдары

Үй ішін аллергендерден қорғаудың жолдары

Бүгінде аллергияға тап болып көрмегендер қатары аз: жас та, кәрі де соқпай өтпейді. Көптеген адам аллергияны тұмау немесе терідегі қызыл бөртпе деп түсінеді және аллергияны қауіпті сырқаттардың санатына қоспай, жылы жауып қоя салады. Алайда, кейде аллергиямен өмір сүру мүмкін емес, мыңдаған адам аллергиядан туындаған анафилактикалық сандырақтан көз жұмып жатады. Сол себепті, оған немқұрайлылық танытуға болмайды.

Аллергияны бізді қоршаған шаң-тозаң, өсімдіктердегі шаң, жануарлардың жүні, тіпті, дәрі-дәрмектер мен косметикалық құралдар тудыра алады. Сіз ойламаған нәрсенің өзі аллергияның негізгі себепкері болуы мүмкін.

Оны мынадай симптомдар арқылы білуге болады:

– Түшкіру, тұмау, мұрынның сулануы, тамақтың ауырсынуы, мұрын қуыстарындағы ауру, бас ауруы, көздің қызаруы, бөрту;

– Ентікпе, жөтел, тыныс алудағы қиындықтар, кеуденің қысылуы – демікпенің (астманың) белгілері;

"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеймін" десеңіз, бұл қиындықтардың ешбіріне де ұрынбайсыз. Бар болғаны, өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіздендіріп, үйде мынадай тазалық жұмыстарын жасау керек:

– Терезеге тор орнатыңыз және оны үнемі бүріккіштің көмегімен дымқылдандырып тұрыңыз.

– Екі-үш апта сайын перделерді жуып тұрған жөн.

– Сулы шүберекпен немесе швабрамен шаң жиналатын қабырғаның жоғарғы жағы мен едендерді апта сайын сүрту керек.

– Отбасы мүшелерінің жиі ванна қабылдап тұруын қадағалаңыз.

– Үйді жиі желдендіріп тұрыңыз, сондай-ақ салқындатқыш (кондиционер) фильтрлерін алмастыруды ұмытпау қажет.

– Тазалық жұмыстарын шаңсорғыш көмегі арқылы жүргізген жақсы және кілемдерді ғана емес, орындықтарды да шаңсорғыштаңыз.

– Жуынатын бөлмені хлормен тазалап, су тамшылаған құбырларды жөндетіңіз.

– Аллергияңыздың кітап ұстағаннан кейін қозатынын байқасаңыз, мұқабаларын шаңсорғышпен тазалап, беті жабылатын сөрелерде сақтаңыз. 

– Жеуге жарамды тағамдарды қоқысқа тастағанда, қақпағын мықтап жабуды ұмытпаңыз. 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: zdorovieinfo.ru