Құрсақтағы баланың бір күні

Құрсақтағы баланың бір күні

Күнделікті тұрмыс-тіршілігі біздің назарымыздан тыс жерде өтіп жататын әлемдегі ең таза, ең кішкентай адам – құрсақтағы бала. Ендеше, оның да өміріне бір сәт көз жүгіртіп қояйық.

07:00

Ояндым. Анам ұйқыда екен. Басқа ермек табу керек.

07:15

Іші пысты. Анам әлі де ұйқыда ғой. Саусағымды сора тұрайын.

08:00

Анам оянды-ау, әйтеуір. Неге екені белгісіз, тамақ жемеді. Бір жерге кетіп барамыз. Тамақ ше?! Бір-екі рет теуіп қойдым. Жауап жоқ. Өкпеледім де, ұйқыға кеттім.

09:30

Маған қарай даңғырлақ бірнәрсені айдап салды. УЗИ деп аталады. Не істерімді білмей, жақын маңдағы өсіндіні сора бастадым. Анам мен апам даңғырлақ зат арқылы мені айналып, жынысымды көрсетуге итермелей бастады. Оның не екінін білмеймін, бірақ айтқандарын жасадым.

10:00

Қан тапсырдық. Анам шырын ішіп, мәз болып отыр. Әжеме баратындығымызды айтты. Келіскен болып, тепкілеп едім, қуанғанын доғара қойды. Әжемдікіне тез жетіп қойдық.

10:30

Әйтеуір, тамақ жедік! Рақаттанып ұйықтап кеттім.

12:00

Анам тіс қарайтын ағайға барды. Жүрегінің дүрсілі мені ұйқымнан оятып жіберді.

16:30

Үйге қайтып барамыз. Тағы да шуыл естіліп жатыр. Анам метросыз үйге жете алмайтындығымызды айтады. Риза еместігімді білдіріп, бар әлім жеткенше тептім, нәтиже жоқ.

17:00

Мына дауысты күніге естимін. Бұл – менің әкемнің даусы. "Ей, сен осындасың ба? Не істеп жатырсың?" деген сұрақтарын күн сайын қайталайды. Неге сонша айқайлайды екен, осыдан шығып алайын, көрсетермін өзіне.

18:00

Үйде тыныштық, анам да тыныш. Ұйықтап алайын.

20:00

Анам күрішке тұзды аямай салып жеп отыр. Әкеме "іштегі кішкентай кінәлі" деді. Ыңғайсызданып кеттім де, тағы бір теуіп қойдым.

21:00

Тамақ жеп болған соң фильм көрдік. Анамның көңілі жай.

23:00

Ұйықтап кетіппін ғой, оянып алдым. Анам енді ұйықтайын деп жатыр екен. Жоқ, мен қазір ойнауым керек.

01:00

Міне, енді ұйықтауға болады...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: woman.ru