Абайлаңыз: тұрмыстық химия тауарлары

Абайлаңыз: тұрмыстық химия тауарлары

Күнделікті қолданатын тұрмыстық химия тауарлары күннен күнге қымбаттауда. Кір жуатын ұнтақ, желдеткіштер, сусабын мен түрлі косметикалық құралдар алғанда қалай үнемдеп, жарнамаға алданбауға болады?

Өндіруші ел

Тұрмыстық химия тауарын өндіруші ел – сапалылық көрсеткіштерінің бірі. Мысалға бір маркадағы сусабынның екі түрлі өндірушісі бола алады. Әрине алыс шетел өндірушісі мысалы, француз не неміс тауары Ресейде жасалынған баламасынан сапалырақ болады. Есесіне бағасы қымбат. Тура сол тауарды қымбатырақ алып не ермек деп ойлайсыз ба? Еуропада қолданылатын сапа көрсіткіштері бізге қарағанда әлдеқайда қатал, сондықтан тауар да сапалы болады. Сабындардың теріге қауіпті құрамдас бөліктері болмайды, сусабындар қою, пайдалы қасиеттері бар тауарлар аласыз.

Этикеткаларды оқыңыз

Тауар этикеткасындағы құрамдас заттар салмақтық үлесіне байланысты көбінен бастап тізіліп жазылады. Егер өзіңізге қажетті белгілі бір косметикалық зат қосылған құрал іздесеңіз, ол тізімнің басында жазылғанын тексеріңіз. "Вазелин, парафин" деп басталған косметикалық заттарды мүлдем лақтырып тастауға болады.

Міне қызық, бірақ шампунь мен душқа арналған гельдің құрамдары өте ұқсас келеді, сондықтан біреуін алып, екі мақсатта қолдануға болады. 

Баларға арналған өнім

Жас ата-аналар жиі алатын баларға арналған кір жуғыш ұнтақтар көп жағдайда қарапайым ұнтақтан еш айырмашылығы болмайды. "Балаларға арналады" деген белгісі тек маркетингтік жол. Оданша сәбилердің киімін өте сапалы, Еуропада жасалынған ұнтақтар мен сұйық концентраттармен жуыңыз.

Кір жууға арналған ұнтақтар

Көптеген кір, еден жуатын ұнтақтардың 80 пайызы қажет емес, құр көлемін көбейту үшін қолданылатын ұнтақтан тұрады. Тіпті кір жуғыш ұнтақтағы жарнамалардың айтуынша кірді ерекше жақсы кетіруге көмектесетін сиқырлы қызыл, көк бөліктердің де еш пайдасы жоқ екен. Сондықтан артық зат алғанша сұйық концентраттар алып, солармен кір жуған дұрыс. Олар қымбат болғанмен, жалпы алғанда үнемдірек құртылады. Сондай-ақ ұнтақ қалдықтары канализация арқылы ағып, кейін эко жүйенің бұзылуына үлкен септігін тигізеді екен. 

Кондиционерлер

Қазірде кір жуғыш ұнтақтар, кондиционерлер ақ және түсті киімге арналған деп бөлініп жатады. Кір жуғыш ұнтақтардың айырмашылығы болуы мүмкін, алайда ақ және түрлі түсті киімге арналған кондиционерлер, яғни киімді шайатын кезде қосатын сұйықтықтар бірдей болады.

Calgon

Кір жууға байланысты тағы да бір үлкен аңыз. Танымал Calgon қазір әркімнің үйінен табылады. Кір жуғыш мәшіне онсыз сынады деп қорықамыз. Бірақ Calgon ұнтағының басқалардан еш ерекшелігі жоқ, ал бағасы 3-4 есе қымбат.

Өзіңізді алдауға жол бермеңіз!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: td-eridan.ru

С. А