Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Жазда шомылудың қағидалары

Жазда шомылудың қағидалары

Жазда шомылудың қағидалары

Жаз - еңбек демалыстарының, саяхаттың, күлімдеген күннің, таза ауаның және шомылудың маусымы. Шомылу демекші, бұл - осы мезгілдің ең рақат сәттерінің бірі. Шомылуды бәрі де жақсы көреді. Алайда, өз денсаулығына зиянын тигізбей, "дұрыс" шомылудың ережелерін бәрі де жақсы біледі деп айта алмаймыз.

Жалпылай алғанда, шомылу дене шынықтыру, денсаулықты нығайту үшін аса керекті рәсімдердің бірі. Мұны тіпті дәрігер мамандардың өзі кеңес ретінде беріп жатады. Әсіресе, теңіз суында шомылу ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартып, жүйке жүйесіне, қан тамырларға, тіпті кейбір тыныс алу жүйелеріне, буын ауруларына оң әсерін береді.

Солай бола тұрғанымен, теңізге саяхат жасамас бұрын дәрігер кеңесіне құлақ түрген жөн. Өйткені, теңіз суы оң әсер бермейтін жағдайлар да болады. Әйтпесе, теңіз толқынын тамашалап, жағалауға жақындай алмай қайтуыңыз әбден мүмкін.

Салқын тию - шомылу кезіндегі кең таралған қолайсыз проблема. Бұл жайлы, әсіресе, буын ауруларымен ауыратын немесе тұмауға жиі шалдығатын адамдардың ойлануы керек. Себебі, теңіз суы қарапайым өзен суына қарағанда, тұщы, денені тез салқындатқыш келеді. Су ішінде белсенді қимылдау керек және теріңіз "қаз терісіне" айналғанша шомыла берудің қажеті жоқ. Жағалауға шыққаннан кейін әбден сүлгімен сүртініп, құрғақ киім ауыстырыңыз.

Назар аударыңыз: суық суда бұлшық еттер тартылып, денеңіз тырысып, талып қалуыңыз мүмкін. Осының әсерінен адамдардың қайтыс болған жағдайы аз болмаған. Сондықтан, сізде талма ауруы байқалған болса, жағалаудан алыс кетпегеніңіз абзал. Және киіміңізге түйрегіш түйреп жүріңіз, аяқ астынан денеңіз тырыса бастағанда түйрегіштің бас жағын денеге түйреу керек.

Көп уақыт тұрып қалған тұщы су қоймаларына шомылғанда абай болыңыз. Қаздар, үйректер, шағалалар жүзіп жүрген жерден қауіпті инфекция жұқтырып алуыңыз ғажап емес. Ең кең таралған инфекция - ішек таяқтары және церкариоз (кишечная палочка). Олар аллергиялық аурулар тудырады және оның бірнеше күнге жалғасуы мүмкін.

Алыс аймақтағы және ыстық өлкелердегі теңізге жолыңыз түссе, медузаның күйігі мен "португалиялық кемелерден" абай болыңыз.

Шомылу барысында мына ережелерді назарыңызда ұстаңыз:

Жағалауға жете салысымен суға қойып кетуге болмайды. Температураның күрт өзгеруі буындардың тартылуына апарып соқтырады. Ағзаңызға жаңа ортаға үйренісу үшін 15 минут уақыт беріңіз. Сонан кейін еш кедергісіз шомылуыңызға болады.

23 градустан төмен емес суға шомылуға тырысып бағыңыз. Саяхаттың алғашқы күнінде бірнеше рет суға түскен дұрыс емес.

Өзіңізге таныс емес жерлерге сүңгімеңіз. Тастардан немесе бұталардан жарақат алып қаласыз. Осы жағдай жыл сайын ескертілгенімен, жаз мезгілінде қаза болатындардың көпшілігінің себебі - осы қателік.

Тамақ пен шомылудың арасы бір сағат болуы керек. Тамаққа тойып, суға секіруге немесе судан шығып тамаққа отыруға болмайды.

Жаз мезгілінде армансыз шомылу сіздің жаныңызды жадыратса да, теріңіз үшін аса жақсы емес. Бір жағынан, теріні сумен дымқылдатып тұрған дұрыс. Екінші жағынан, су теріңізге тосын сыйлар жасауы әбден мүмкін (лас су, тұз, хлор). Сондықтан да, әрбір шомылған сайын денені таза тұщы сумен ысқылап немесе таза душ қабылдаңыз, тамағыңызды, аузыңызды шайыңыз. Онан соң арнайы лосьондарды немесе нәрлендіретін кремдерді пайдаланыңыз.

Сіз асыға күткен шомылу маусымы қуаныш сыйлап, естен кетпес тәтті сәттерді сыйласын! Әрдайым ұқыпты және абай болыңыз!

Суреттер:azh.kz,interesimir.ru 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

10812 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 20 маусым 2013, 16:01
Пікірлер
+0
20 маусым 2013, 18:37

тұмауға жиі шалдығатын адамдардың ойлануы керек. Себебі, теңіз суы қарапайым өзен суына қарағанда, тұщы, денені тез салқындатқыш келеді. Су ішінде белсенді қимылдау керек және теріңіз "қаз терісіне" айналғанша шомыла берудің қажеті жоқ. Мен есте ұстайтын нәрсе екен, себебі екеуі де бар менде ((

+0
21 маусым 2013, 16:54

mia juingannan kein tamak jep otra beremizgo jaiktan kelgesin duw kabildau degen kizik siakti

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...