Микротолқынды пешті тазартудың оңай жолы

Микротолқынды пешті тазартудың оңай жолы

Микротолқынды пеш – күнделікті тұрмыста қолданатын құралдардың бірі. Оның көмегімен асымызды жылытып, кейде тіпті тамақ та жасаймыз. Бірнеше ай қолданғаннан кейін, оның қабырғалары майлы тамшыларға толғанын байқайсыз. Әрине қатқан майды тазарту оңай шаруа емес. Осыған дейін де микротолқынды пешті тазартудың жеңіл жолын айтқан болатынбыз. Бүгін осындай кеңестер топтамасын жалғастырып, микротолқынды пешті тазалаудың тағы бір оңай жолын ұсынбақпыз.

Апта сайын жуып жүретін микротолқынды пештің өзінде майлы қатқан дақтар қалады.
Оларды кетіру үшін бізге керегі: сірке қышқылы, су және микротолқынды пешке салуға болатын ыдыс.
Ыдысқа су мен сірке қышқылын араластырып, микротолқынды пешке 5 минутқа максималды қуатына қоямыз. 
Уақыт біткенде ыдысты шығаруға асықпаңыз, ол өте ыстық болады. Суығаннан кейін жібіген майды оңайлықпен кетіресіз.

Дайындаған: Сания Аринова

С. А