"Той болмай-ақ қойсын"

"Той болмай-ақ қойсын"
Фото: Қарлығаш Қалиева

Сәлеметсіздер ме! Маған сіздердің кеңестеріңіз керек.

Менің жігітім: «Той жасамай-ақ қояйық. Бір күндік салтанатқа қаншама ақша кетеді. Оның орнына екі жақ бірігіп, ақша жинап, үй алайық» дейді. Үй алатындай ол үйдің үлкені емес, керісінше, кенжесі. Ата-анасын бағып, қалуымыз керек қой! Мен той болғанын қалаймын. Ақ көйлек кию – барлық қыздың арманы емес пе?

Бұл жағдайда кімнің ойы дұрыс? Не істесем болады?

Автор: Құпия қыз

Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massagetkz@gmail.com. 

Ф. Абилова