Facebook сіз туралы бәрін де айтып береді

Facebook сіз туралы бәрін де айтып береді

Лайық деп «лайк» басқаныңыз сіздің қызығушылығыңыз бен психологияңызды сараптап отырып, қандай адам екеніңізді айқындап береді екен. Әр қолданушының психологиялық портретін ендігіде әлеуметтік желілер арқылы да білуге болатынын психологтар айтып отыр.

Microsoft Research Centre зерттеушілері мұндай әдісті қолдап отыр екен. Ұлыбританияның Кембридж университеті зерттеушілері де бұл ойды жоққа шығармайды.

"Ұнату" деген батырманы басу қызығушылығыңызды, біліміңізді, саяси көзқарасыңызды сіз ойлағаннан да толығырақ айтып бере алады" - дейді ғалымдар өз есебінде. Белгілі бір суретке, әңгіме мен жағдаятқа байланысты әлеуметтанушылар мен маркетологтар жарнама және саяси жобалар жасау жолдарын жеңілдетеді.

Белсенді түрде әлеуметтік желіде отыратын адамдардың іс-әрекеттерін байқау арқылы психологтар адамның қаншалықты деңгейде білімді екенін нақты айта алады-мыс. Оның психотипі мен басқа да маңызды қасиеттерін білуге болады екен. «Ұнатуды» басуына қарап оның есірткіге әуестігін де байқау мүмкін.

Бұл зерттеу 58 мың адамның іс-әрекетін бақылауға алу арқылы жасалыпты.

Зерттеушілердің айтуынша, мамандар әр басылған «лайк» арқылы адамдардың талғамына әсер етіп, көпшілік қауым ойын өзге арнаға бұруға болатынын атап айтқан.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

А. Құлтай