Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Мінсіз жоспар

Мінсіз жоспар

Мінсіз жоспар

Бұл мысалдан өзіңізді таба аласыз ба?!

Тaңертең. Орман арасындағы өзен жым-жырт кілкіп ағып жатыр.

Өзен бетінде қалықтап ұшып бір шыбын жүр. Суда жүзген балық: «Әттең, шыбын сәл ғана төмендесе ғой. Қағып салар едім» деп ойлады. Жағада үлкен тастың қалқасында бір аю отыр. Ол: «Ана шыбын сәл ғана төмендесе ғой, балық ыршып шыққанда, мен де оразамды ашар едім» дейді іштей. Жағадан алыстау қалың бұта арасында осының бәрін бағып, мылтығын кезеніп бір аңшы отыр. «Шіркін, аю балық аулауға қарманғанда, маған да жайратып салуға орай туар еді» дегендей  сұстанып отыр. Аңшының дәл артында інінен сығалап бір тышқан отырды. Жер мен көктен келер қатер мен орайдың бәрін білетін ол:«Шыбын сәл төмен ұшса, балық ыршып шығып оны аулағана, аю тастың қалқасынан шығып балыққа жүгірсе, аңшы аюды атып алып, жүгіре жөнелгенде мен оның жанында қалып қойған ірімшікті ала қашсам» деген ниетпен отырды. Тышқан інінен сәл аулақтау жерде бір мысық тышқанның шыға келуін аңдып отырды.

Бәрінің көңілінде бір үміт. Кенет шыбын шынымен де сәл төмендеп еді, балық әлгі бейшараны қағып түсті. Бұған қорбаңдап жүгірген аюды аңшы қақ маңдайдан тартып қалды... «Гүрс» еткен ащы дауыс таң тыныштығын бұзып жіберді. Зәресі ұшқан тышқан ес ақылынан айрылып, ініне бұға қалды. Шошынған мысық айдалаға лағып кетті.

Осыған негізделгенде біз көпшілігіміз тышқан мен мысық шығармыз. «Ірімшікті» аңсап мінсіз жоспар құрғандай боламыз. Немесе тек қана тәтті қиялмен отыра береміз. Ал жоспардың мүлт кетер тұсын ойлай алмаймыз. Мылтық дауысын мүлде есімізден шығарып жібереміз. Өзгелердің құрған табыс жоспарынан пайда тапқымыз келеді.

Ал балық пен аю секілді болымсыз пайда үшін өз басын қатерге байлап беретіндер де кездеседі. Ал аңшы ірімшігін жоғалтқан күнде де өкінбес еді. Мына өмірде сіз тегі қай типке жатасыз?!

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

3026 8
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 28 ақпан 2013, 14:27
Пікірлер
+0
28 ақпан 2013, 16:40

керемет жоспар сол сәтте туындауы керек :lol: :lol: :lol:

+0
01 наурыз 2013, 00:24

Шыбын да болдым, азуында біреудің шырылдап өлідм. Балық та болдым, Шыбын менен шіркейге қарық та болдым. жағада аузым кеберсім талып қап, өлдім. Аю да болдым, дойыр да болдым. Ақыры бір ақыра да алмай, сойылға көндім. Аңшы да болдым, құзынан құлап тағдырдың қансырап өлдім. Тышқан да болдым, іргедегі ірімшіктерге құштар да болдым., азабын - қақпан белімді қысқанда көрдім. Мысық та болдым, Өредегі етті құшып та көрдім. Ұртыма улы тышқандар түсіп қап өлдім. мен кім болмадым?! бірақ әлі трімін. :D :D

+0
01 наурыз 2013, 00:41

Мұрат керемет екен :mrgreen:

+0
01 наурыз 2013, 09:49

)) керемет жоспар құра алмаймын))

+0
01 наурыз 2013, 14:29

тамаша ойлантты рахмет.жоспарды құрғанда кесірін тигізетін жағдайлар:сезім,күтпеген жайттар,өзіңе деген сенімді жоғалту

+0
02 наурыз 2013, 14:38

ммм дурыс айтылған :geek:

+0
04 наурыз 2013, 22:44

Мұраттың өлеңі асып кетті ғой бәрінен... Дегенмен,мысалдың да пайдасы тиді

+0
05 наурыз 2013, 22:21

Жоспарлағанда өз мүмкіндігімізбен санаспайтынымыз бар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...