Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Дұшпанға қайтарылған ең жақсы қарымта

Дұшпанға қайтарылған ең жақсы қарымта

Дұшпанға қайтарылған ең жақсы қарымта

Психолог маман «Дұшпаныңды кешір» деген тақырыпта алқалы жиынға ұзақ сөз сөйледі. Лекция аяқтағаннан кейін залдағы халықтан «Кәне, қанша адам өз дұшпанын кешіре алады?» деп сұрады. Қауымның тең жартысы ғана қолдарын көтерді. Психолог маман бұған разы болмай тағы жарты сағат көлемінде түсінік жасады. Отырғандардың 80%-ы қолдады. Ол бұған да мойынсал болмай сөзін 15 минутқа тағы жалғады. Ең соңында жиналған адамдардың бәрі оның сөзін дұрыс деп есептеп қолдарын көтерісті. Өйткені, оның сөзінен әбден шаршап, қарындары ашып кеткен еді. Бірақ, адамдардың соңын ала отырған бір әжей ғана қолын көтерген жоқ. Психолог таңдана:

- Сіз әлі де дұшпаныңызды кешірмейсіз бе? – деп сұрады.

- Өйткені менде дұшпан жоқ, - деді әжей сабырлы бейнеде.

Селт еткен маман:

- Бұл қалыпсыздық қой, биыл қанша жасқа келдіңіз?

- 93 жасқа.

Таң қалды.

- Онда көпшілікке осынша жасқа келгенше қалайша бірде-бір дұшпаныңыздың болмағанын айтып бересіз бе? – деді психолог.

Әжей:

- Бұл өте қарапайым. Мен үнемі өзіме дұшпаныңнан артық жаса, олардан жақсы өмір сүр деп ескертіп отырамын. – деді күлімсіреп.

Өмірде адамдар дұшпан кегін жүрегіне сақтап қалады. Кешіргісі келмейді. Тіпті орайы болып жатса қарымтысын да алғысы келеді. Ойлаңыз, оның қажеті бар ма? Өшпендішік екі басты семсер сияқты. Басқаларды арандатумен бірге өзің де арандайсың. Бар зейініңді тайталасу мен айлаға жұмсайсың. Дұшпаныңнан да жақсы өмір сүруге, одан да бақытты болуға бел байлап, дұшпаныңнан көңілді өтсең – соның өзі дұшпаныңнан қайтарған ең жақсы қарымта болмақ.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: heart-tb.com

3425 5
Рейтинг: +6

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 27 ақпан 2013, 13:31
Пікірлер
+0
27 ақпан 2013, 18:17

әділетсіздікке әділеттілікпен жауап қайтару керек. Жақындарыма қастық жасаған адамды ойланбастан атып тастар едім :lol: :lol: :lol:

+0
27 ақпан 2013, 18:59

иә кешірімшіл менің туа бітті қасиетімнің бірі :)

+0
28 ақпан 2013, 09:43

Ашулы жұдырық куліп тұрган бетті соға алмайды. Таспен ұрганды аспен ұр,

+0
01 наурыз 2013, 03:10

керемет!!! ойлы мысал!!!!

+0
18 наурыз 2013, 18:56

men oltireeeeem :evil:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...