- Негізгі бет
- Психология
- Қыздар, сақ болыңдар!...
Қыздар, сақ болыңдар! Сараң жігіттің бес белгісі
Қазіргі заманда қыздар сүйікті сусынын өздері сатып ала алады және тіпті, басқа елге саяхаттап келе алады. Десе де, әрбір әйел жанынан адал әрі жомарт ер адамды көргісі келеді. Ер адамның сараң екенін қандай белгілерден білуге болады?
Өзіне ақша қимайды
Егер ер адам өзіне ақша қимаса, гардеробын көп жыл бойы жаңартпаса, дәрігерлерге, демалысқа, дәмді тамақтан және аса қажетті заттардан үнемдесе, бұл оның сараңдығын көрсетуі мүмкін. Әрине, ол қандай да бір қиындыққа ұшыраған болуы да мүмкін. Бірақ егер оның қаржылық жағдайы жақсы бола тұра, ол үнемі сапалы киімге, жақсы тамаққа немесе жайлы пәтерге ақша құртқысы келмесе, бұл оның сараңдығын көрсетуі мүмкін.
Үнемі "қымбат", "бұл ақшаны бекерге құрту" деген сөздер айтады
Ол айналада бәрі қымбаттап жатқанын және туыстары мен достарының ақшаны дұрыс жұмсамайтындарын жиі айтады. Ақшасы жоқ ер адамды ғана сараң деп айтуға келмейді. Кей ер адамдар қомақты ақшамен өзін жақсы сезінеді, сондықтан көбіне оны жұмсамаудың амалдарын жасауы мүмкін.
Сыйлық бермейді
Әрине, барлық ер адамда бірдей өзінің сүйіктісіне қайта-қайта сыйлық жасауға мүмкіндік жоқ. Алайда кез келген әйелге ер адамның назары маңызды. Егер ер адам сүйіктісінің туған күніне, естелік күндерде және отбасылық мерекелерде тосынсый жасауға немесе жағымды сыйлық алуға ақша құртқысы келмесе, ол оның сараңдығын көрсетуі мүмкін. Егер серігіңіз сыйлыққа ақша жұмсаудың мәні жоқ деп ойлайтынын ашық айтса, сіз үшін сыйлық алудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
"Күйеуім неге сыйлық бермейді?" Психолог негізгі алты себепті атады
Сіздің уақытыңыз бен ресурсыңызды пайдаланып, үнемдегісі келеді
Сараң ер адамдар әдетте ең қажетті тұрмыстық заттардың өзінен үнемдегісі келеді. Мысалы, ол сіздің уақытыңыз бен күшіңізді аз жұмсауға көмектесетін тұрмыстық заттарды сатып алудың қажеті жоқ деп ойлап, оның орнына өзіңіз жасай беруіңізді сұрайды.
Өз ақшаңызды қалай жұмсағаныңызға сөгіс айтады
Сараң ер адам сіздің өз еңбегіңізбен тапқан ақшаңызды жұмсағаныңыз үшін сөгіс айтады. Ол өзінің наразылығын жиі былай түсіндіреді: "сенің шығының өзін ақтамайды" немесе "сен сатып алған өнім, зат немесе курстің пайдасы жоқ". Мұндай жағдайда сіз сатып алған заттар жүйелі түрде жанжалдың себебіне айналады.
А. Жапатова