Өз-өзіңізге абьюзер екеніңізді көрсететін 7 белгі

Өз-өзіңізге абьюзер екеніңізді көрсететін 7 белгі
Фото: ru.freepik.com

Абьюзер деген кім? Қысқаша айтатын болсақ, бұл сізді моральді түрде басатын, кемсітетін және құнсыздандыратын адам. Ол оны қулықпен және манипуляция түрінде білдіртпей жасауы мүмкін. Тіпті ашық түрде қысым көрсетуі мүмкін. Абьюзер адамды өзін дәрменсіз сезуге итермелейді және өзін-өзі бағалауын түсіреді. Абьюзердің қолына түскен адам моральді түрде толыққанды емес болу қаупі бар. Күйеуі, әйелі, ата-ана, әпке, дос, басшылық абьюзер болуы мүмкін. Алайда бұл материалда өз-өзіне абьюзер болатын адамдар жайлы айтамыз.

Өз-өзіне абьюзер адамның белгілері қандай?

1. Өзіне жаман сөздер айтады немесе өзін жаман лақап атпен атайды

Сіз өзіңізге ойша, кейде дыбыстап ренжітетін немесе қорлайтын сөздер жиі айтасыз: "ақымақ", "жынды", "бақытсыз", "жолым болмайды" және т.б.

2. Өз әрекетін бағалағанда негатив басым

Сіз өз-өзіңізді көп сынайсыз және өз-өзіңізге қанағаттанбайсыз. Жақсы бірдеңе жасасаңыз да, істі соңына дейін апарсаңыз да, одан жағымсыз нәрсе іздейсіз және өзіңізге кемшіліктер жайлы еске алуға тағы бір себеп табасыз.

3. Үнемі өзін басқалармен салыстырады

Басқалар ақылды, табысты, әдемі, қалай өмір сүруді біледі. Ал сіз олардың фонында ұтыласыз.

4. Кінә сезімі мазалайды

Сіз әрқашан және кез келген жағдайда өзіңізді ойша болса да кінәлі сезінесіз.


ru.freepik.com

5. Өзін бірінші орынға қоймайды

Сіз үшін басқалардың жұмыстары сіздікінен маңыздырақ. Басқалардың ойы сізге беделді көрінеді. Ал сіздің жеке жоспарларыңыз назарды қажет етпейтін екінші орындағы нәрсе секілді көрінеді. Сондықтан көп жағдайда өз уақытыңызды бағаламайсыз, жұмыстарыңызды басқалар үшін кейінге қалдырасыз және сізге біреудің өтінішіне "жоқ" деп айту қиын.

6. Шешім қабылдаудан қорқады

Сізге өздігінше шешім қабылдау қиын. Сіз оны біреудің мойнына ілуге тырысасыз немесе ұзақ уақыт бойы белгісіздік күйінде қалуды жөн көресіз.

7. Көп нәрсеге шыдайды

Бұл романтикалық қарым-қатынасқа, жұмысқа және достармен қарым-қатынасқа қатысты.

Егер өзіңізден осы белгілерді байқасаңыз, бұл өз-өзіңізбен немесе маманмен жұмыс істеуге себеп.

Ал социопат адамның қандай болатынын білесіз бе? Социопатты қандай белгілерден анықтауға болатынын мына жерден оқыңыз.

А. Жапатова