Ерлер мен әйелдер психологиясы

Ерлер мен әйелдер психологиясы

Әйелдер мен ерлердің психологиялық жақтағы айырмашылығы өте көп. Тұрмыс, күйбең тірлік, қайғы мен қасірет, қуаныш пен шаттық олардың психологиясына әртүрлі әсер етеді. Ендеше, психологтардың зерттеулерінен үзінділер жазып көрелік. 

  • Ғашық болу: 50% ерлер тұңғыш кездесуде-ақ қарсы жағын ұнатып қалады, ал 25% әйелдер тек 4 кездескеннен кейін ғана қарсы жағын ұнатады.
  • Достық барыс-келіс: Ерлер балалық шағынан бастап достасады. Әйелдер орта жастан асқаннан кейін ғана дос ұстайды.
  • Некеден кейінгі тұрмыс: Некелі ерлердің тұрмыс-тіршілігін бақытты сезінуі бойдақ жігіттерге қарағанда екі есе жоғары болады. Ал әйелдер көбіне қыз күнінде өзін бақытты сезінеді.
  • Билік жағында: Оқушы кезінде ұл балалар қыз балаға қарағанда билеп-төстеуге әуес келеді. Жас ұлғайған сайын бұл кері шегінеді де. Үйленген соң әйелдер табиғи билеушіге айналады.
  • Қылмысты бөгеу: Ұры-қарыға немесе басқалай зияндауға тап болғанда, әсіресе бала-шағасына қауіп төнгенде қарсылық көрсететін әйелдер ерлерден 25%-ға көп болады.
  • Кесім жасау мен төзімділік: Әйелдердің кесім жасауы мен бір шешімге келуі ерлерге қарағанда қашанда тез болады. Әйелдер аштыққа, шөлге сондай-ақ рухани жақтағы қысымға төзімді келеді.
  • Қайғы: Ерлер қайғырғанда көз жасы жанарында лықсып тұрады. Ал әйелдер жылау мен өксуден тамағы бітіп қалады.
  • Науқасқа шалдығу: Ұзақ жыл созылмалы көмескі науқасы бар ерлер әйелдерге қарағанда көп болады. Ұйқы қашу науқасына душар болатын еркектердің саны әйелдерден екі есе жоғары. Әйелдер бұл жағында да төзімді келеді.
  • Қартаю: Ерлердің биологиялық сағатының жүруі әйелдерден ұзақ. Қабақ, бет сүйектері әйелдерге қарағанда шығыңқы, терілері қалың, әжім сызықтары аз болғандықтан, жас көрінеді. Ал әйелдердің күйбеңі, отбасына, күйеуіне деген уайымы көп болғандықтан, олардың биологиялық сағатының жүруі тез әрі қысқа болады. Әйелдердің ерте қартаятыны сондықтан.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: mail.ru

Қ. Қауымбек