- Негізгі бет
- Психология
- "Адамдар мен туралы...
"Адамдар мен туралы не ойлайды?" Өзін бағаламайтын адамның 4 белгісі
Өзін-өзі бағалау не үшін маңызды? Біріншіден, өзін-өзі бағалау біреулерде жағдайға қарай әртүрлі болуы мүмкін: үйде немесе жұмыста, таныстардың ортасында немесе таныс емес адамдар арасында. Дұрыс өзін-өзі бағалау тұрақты болуы керек, ол бірде жоғары, бірде төмен болмауы қажет. Екіншіден, біздің әрекетіміз өзіміздің ішкі қанағаттануымызға байланысты өзгереді. Яғни, жетістікке, қандай да бір нәтижеге жеткіңіз келсе, ішкі сезіміңіз маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ өзін-өзі бағалау басқа адамдармен араласуға және араласатын орта таңдауға әсер етеді. Дұрыс өзін-өзі бағалау балалық кезде немесе өсу процесінде қалыптасады. Өзін-өзі бағалауы төмен адамды қалай білуге болады?
1. Өзін басқалармен салыстырады
Өзін басқамен салыстыру кезінде өзін одан төмен қояды. Өзін басқалармен үнемі салыстыру – балалық кезде қалыптасқан жиі кездесетін проблема. Алайда сіз өстіңіз, сіз өз өміріңізді және ойларыңызды бақылай аласыз. Егер өз-өзіңізбен жұмыс жасау қиынға соқса, маман көмегіне жүгінуге болады.
2. Барлығына ұнағысы келеді және ыңғайлы болуға тырысады
Мұндай адам үнемі айналасындағылардың көңілінен шығуға тырысады. Сол үшін өзінің шаршап тұрғанын немесе қалауын ысырып қоя да алады.
3. Өзіне назар аудартқысы келмейді
Өзін-өзі бағалауы төмен адам ерекшеленуден қорқады, сондықтан ол жиі өзінің көзқарасын айтпайды.
4. Ол үшін басқаның пікірі маңызды
"Адамдар мен туралы не ойлайды?" деген ой өміріңізді тежейді. Өзін-өзі бағалауы төмен адам өз қалауын қанағаттандырмайды, оның орнына басқаға тиімді болатындай әрекет етеді.
А. Жапатова