Әдемі әйелдің құпиясы

Әдемі әйелдің құпиясы

Әдемі әйел болғыңыз келе ме? Күнделікті тұрмысқа жасырылған құпиялар сізді әдемілікке жетелейді. Сіз шын мәнінде әдемі әйелге айналасыз.

Әйелдің бірінші құпиясы: өзін сүйе білу

«Мен өзімді сүйемін, сол үшін мен жеңіске жетемін» осы нақыл сөзге наныңыз, әуелі өзіңізді түсініңіз. Өзіңізді кемелдендіруге тырысумен бірге кейбір жеңіл кемшіліктерге кешіріммен қараңыз, өйткені дүниеде мүлтіксіз адам болмайды. Өзінің ерекшелігі мен кемістігін, өмірге болған қажеттілін түсінгенде ғана өзінің кемшілігіне болған кінәлау түйсігін тежеп, өмірлік мұратын жүзеге асырудың шараларын іздестіруге болады. Сіз мүмкін ойлануға шебер, бейнелеуге шорқақ, күшті жасампаздық қуатына ие болғаныңызбен, ең қарапайым логикалық қасиетіңіз кемшіндеу шығар. Сондықтан әйгілі өнер жұлдыздарымен сымбат, сұлулық жайында таласпай-ақ қойыңыз. Өйткені, күні бойы бәсекелесіп, қарсыластарыңызбен алысуды ұнатпайсыз. Ең маңыздысы өзіңіздің кино жұлдыздарындай ақылды, жағымды екеніңізді тануыңыз керек. Өзін түсіну өзіне сенудің алғышарты. Өзіңізге болған сенім сізді өзіңізді кінәлаудың құйынан құтқарады. Өзіңізді шынайы сүйіңіз, түсініңіз, қабылдай біліңіз. Бұл қиыншылық пен сынақтарға күлімсірей қараудың негізі.

Әйелдің екінші құпиясы: өзін қайта сомдай білу

Тал-бойында міні жоқ, сымбаты көз сүріндіретін аруларымыз бала көтеріп, ана болғаннан кейін жүктілік кездегі, босанғаннан кейінгі ішкі секрацияның өзгерісі, сәбиі өмірге келгеннен кейінгі қимылдың азаюы салдарынан майлы, витамині көп тағамдарды көп тұтынғандықтан, денесі толысып, жұмысбасты болып, өздеріне қатты мән бермейді. Ерте қартаюға бет алады. Бұл құбылысты өзгертіңіз. Ертерек шынығу орталығына барып, сымбатыңызды қайта түзеңіз, өйткені, дене шынықтыру нервтің, ішкі секрацияның қабілетін реттеумен бірге қан айналысын тездетіп, дене қуатын асырып, сымбаттандырады. Бұлшық ет пен терінің серпімділігін, ақаусыздығын күшейтеді.

Әйелдің үшінші құпиясы: өзін тәрбиелей білу

Әйел заты өзіндегі азды-көпті әуестікті баули білсе, жалғыз қалса да көңілді өтуіне болады. Өзінің кәсіпке деген ізденісінен жаңылмай, өзі ұнатқан қызметпен айналысуы керек. Өзінің достық шеңберін қалыптастыру да өте маңызды. Күйеуің саған назар аудармағанда оны балаша еркелетудің қажеті жоқ, одан ештеңе де өнбейді. Ұсақ-түйек жұмыстарды өзің атқар. Табиғаты ашық-жарқын еркек өзіне ұқсас әйелді жақсы көреді. Өзіне деген сенімі күшті әйелдер оларды тіпті де баурай түседі. Оны өзінің сенімді досына балайды. Мұндай ерлер сенің ниетіңді түсінеді де, сені өзінің нағыз сыңары ретінде қарайды. Сен әйелдердің осы үш құпиясын меңгеріп болған шағыңда өзің де шын мәніндегі әдемі әйелге айналасың.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: voxpopuli.kz

M. Auelkhan