Бәрі бар, бірақ сонда да өзіңізді бақытсыз сезінесіз бе? Себебін біліңіз!

Бәрі бар, бірақ сонда да өзіңізді бақытсыз сезінесіз бе? Себебін біліңіз!
Фото: ru.freepik.com

Молшылық заманы болса да, өздерін бақытсыз сезінетіндер аз емес. Былай қарағанда бәрі бар, бірақ бақытты болу үшін бірдеңе жетіспейтіндей көрінеді. Әрине, оған көп фактор әсер етуі мүмкін. Бірақ жиі кездесетін 3 себепті ұсынамыз.

1-себеп: Материалдық қызықтырғыштардың көптігі

Жақындары қасында, баспанасы мен жұмысы бар, бірақ эмоционалды тұрғыда жағымсыз бір сезім бар. Ол қазіргі кездегі материалдық қызықтырғыштардың көптігінен болуы мүмкін. Қазір ақшаға бәрін сатып алуға болады. Бірақ кезекті шығынға жол берсеңіз де, сіз алдыңызға жаңа деңгей қоясыз: ол сіз үшін бұдан да көп/жақсы/қымбат болуы керек. Сол үшін де өзіңізді бақытсыз сезінесіз. Оған қоса, әлеуметтік желілерде көпшілік өмірін "керемет" етіп көрсетеді, бұл да сізге әсер етуі мүмкін.

2-себеп: Тыныш өмір

Адам миына адреналин керек. Биологиялық тұрғыда бізге күйзеліс және ләззат алу гормондарын сезу қажет. Сізге жаңа эмоциялар жетіспеуі мүмкін.

3-себеп: Жақын байланыстың жоқтығы

Адам - әлеуметтік жан. Интроверт адамның өзіне қарым-қатынас қажет. Егер байланыс болмаса, адам оның орнын шопингпен немесе тамақтанумен ауыстыруы мүмкін. Бірақ бұл бақыт сезімі сіз сауда орталығынан шыққан бойда жоғалады.

Сіз бақытты болуға лайықсыз! Бәрі өз қолыңызда. Сіз бақыт сезімін қайтара аласыз. Ол үшін мына кеңестерге көз жүгіртіңіз:

Қайғыға батып кетпеңіз. Сезімнің жақсы-жаманы болмайды. Бірақ негативті эмоцияға батып кетудің қажеті жоқ. Әйтпесе, құрбан рөліне кіріп кетуіңіз мүмкін. Сондай-ақ көңіл толмаушылық әдетке айналып, кейін депрессиялық бұзылысқа әкелуі мүмкін.

Өзіңізге күтім жасаңыз. Айналаңызда бәрі сіз ойлағандай болмай жатса да, өзіңізге қарамай кетпеңіз. Өзіңізге күтім жасау - өз-өзіңізге келудің ең жақсы әдісі. Түсініксіз жағдайда өзіңіз жақсы көретін нәрсемен айналысыңыз.

Перфекционизмнен бас тартыңыз. Мінсіздік жоқ, соған жеткісі келетін адамдар өмір бойы өз-өзімен күресіп шығуы мүмкін. Тоқтап, осы сәттен ләззат алуды үйреніңіз. Бұл мақсатта алғыс айту күнделігі көмектеседі. Күнде кешкісін оған өткен күндегі "рақмет" айтқыңыз келетін 30 нәрсені жазып тұрыңыз. Осы тәжірибеден соң көңіл күйіңіздің жақсарғанын және басқа да жағымды өзгерістерді байқауыңыз мүмкін.

Сәтсіздіктерден қорықпаңыз. Кейде өмірде сәтсіздіктер де болады. Оларды қабылдап үйрену керек. Жаңбырдан кейін шыққан күн қаттырақ қыздырады, сол секілді сәтсіздіктерден кейінгі бақыт та бағалы бола түседі.

Батылыңыз жетпей жүрген нәрсені істеңіз. Біз өз-өзімізді, қорқынышымызды, комплексімізді жеңген кезде қанға адреналин түседі. Мысалы: парашюттен секіріңіз, көпшілік алдына шығыңыз немесе караокеде өлең айтыңыз. Бастысы, сіз жеңіс қуанышын сезуіңіз керек.

А. Жапатова