- Негізгі бет
- Психология
- Өзіне сенімсіз әйелдің...
Өзіне сенімсіз әйелдің 5 белгісі
Адамның әрекеті мен сөйлеуіне қарап, оның өзін-өзі бағалауы төмен екенін байқауға болады. Егер мына белгілерді өзіңізден байқасаңыз, өзіңізбен жұмыс істеуді қолға алыңыз. Себебі адамның өзін-өзі бағалауының төмен болуы өмірдің көптеген салаларына, соның ішінде жеке өміріне де жағымсыз әсер етеді.
Өмірге жиі шағымданады
Мұндай тұлғалардың айналасында өмір түрлі түсті және бақытты болмайды. Олар үшін өмір үнемі әділетсіз. Олардың ойынша, бәрінің қолынан бірдеңе келеді, ал оларда ештеңе жоспар бойынша жүрмейді. Ол өмірге жиі шағымданады. Оның ойында әрбір адам өз өміріне өзі әсер ете алатыны жайлы түсінік те жоқ. Бұл төмен өзін-өзі бағалаудың салдары.
Алғысты қабылдай алмайды
Алғысты қабылдай алмайтын әйелдер бар. Олар өздерін оған лайықсыз санайды. Мысалы, ол үйге қонақ шақырып, керемет дастархан жаяды және күшті кеш ұйымдастырады. Бірақ қонақтар үй иесін мақтап, алғыс білдіріп бастаған кезде ол оны қабылдай алмайды. Бұл қошемет сөз қабылдай алмауға ұқсайды. Бірақ бұл жағдайда әйел шынымен де бұл кешке біраз күш жұмсады, уақыты кетті, бірақ оның осынша тырысқаны басқалар үшін бағалы екенін қабылдай алмайды. Бұл кездегі оның сенімсіздігі тек сөзбен емес, оның әрекетінен де байқалып тұрады. Мұндай әйелдің иығы төмен түсіп кетеді, көзі төмен қарап тұрады, ол әңгімелесушінің бетіне тіке қарай алмайды.
Басқа адамдарды құнсыздандырады
Өзін жақсы көрмейтін және өзін-өзі бағалауы төмен әйел өзін басқалардың есебінен танытады. Ол басқаның кемшілігін, әдетін, өмір сүру салтын және сырт келбетін мазақ етеді. "20 жасында миллионды өзі тапты дейсің ба, әрине, әке-шешесі көмектесті", "Оның жолы болып кеткен", "Таныстары бар ғой, таңғалатын ештеңесі жоқ" - осындай секілді сөздерді өзіне сенімсіз әйелдерден жиі естуге болады.
Бұл жағымсыз әдеттің шегі – өздігінен шешім қабылдай алмау. Сондықтан ол үнемі оған кеңес беретін адам іздейді, егер сәтсіздік орын алса, жауапкершілікті соның мойнына іліп, сол адамды кінәлай салады.
Көп сұрақ қояды және өзі жайлы айта алмайды
Өзіне сенімсіз әйелдер біреумен әңгіме айтқан кезде тек сұрақ қойғанды жақсы көреді. Ал өзі туралы ештеңе айтқысы келмейді. Оған ол жайлы тікелей ашық сұрақ қойса да, бір сөзбен қайтарып, тақырыпты ауыстырып жіберуге тырысады.
"Жоқ" деп айтудан қорқады
Өзіне сенімсіз әйелді көрсететін тағы бір айқын белгі – оның "жоқ" деп айта алмауы. Мұндай әйел өзінің жеке жайлылығын емес, басқалардың пікірін бірінші орынға қояды. Ол тәрбиесіз және дөрекі болып көрінуден қорқады, сол үшін жиі барлық өтінішке келісе кетеді.
А. Жапатова