Маникюр және мінез

Маникюр және мінез

Макияж, тырнақ пішіні, далап түрі, мең, киім... Сүйікті маникюр түрі де сіз жайлы сыр шерте алады.

Классикалық маникюр. Бұл жерде екі факторға көңіл аудару керек. Олар: тырнақ ұзындығы мен лак түсі.

Психолог мамандардың айтуынша, тырнақтар неғұрлым ұзын болғанымен, қыздың бойында соғұрлым өзіне деген сенімділік артады. Ұзын тырнақты асықпайтын, байыпты қыздар таңдайды. Олар өзіне де, басқаларға да күмәнмен қарамайды. Керек кезде кез келгеннің көңілінен шыға алады. Қысқа тырнақ қожайындары жиі жағдайда күмәншіл, аналитикалық ойы өткір, тез үйренгіш болады. Алайда олар өз өміріне шағымданғанды ұнатады. 

Түстерге келетін болсақ, жарқын, көзге түсетін түсті тырнақ бояуын таңдайтын қыздарға тоқталайық. Жасыл түсті лак таңдаған қыз оптимист және кез келген адаммен тіл табыса алады. Көк пен көгілдір түстері қожайынының тәуелсіз, бостандық сүйгіш, сондай-ақ ішкі жан дүниесі гармониядағы жан екенін көрсетеді. Жидек түсті маникюр - байыпты, салмақты қыздардың таңдауы. Қызыл түстер импульсивті, эмоционалды қыздардың белгісі. Нейтралды, бейтарап түстерді таңдайтын қыздар епті, пысық қыздар таңдайды. 

Френч маникюрын таңдайтын қыздар мансапқор болады. Олар жұмысына бар уақыты мен көңілін бөледі. Сол себепті олар жұмыстарында сәтті, ақшалары жеткілікті болады.

Нейл-артты таңдайтын қыздар маникюры арқылы көңілі мен өзіне деген сенімділікті көтереді. Олар кішкене тұйық, ұялшақ бола тұра, өнер адамдары болуы мүмкін. Олар - креативті ойлайтын, заттарға жаңаша, басқа қырынан қарайтын қыздар. Сондай-ақ бұндай маникюр иелері өмірдің әр сәтінен рахат ала біледі. Оларға жетіспейтіні - басқалардың көңілі.

Лак жақпайтын қыздар жиі жағдайда аз істеп, көп алғанды қалайды. Олар "жігітше" ойлай алады, эффективті жұмыс істейді. Өз күшін тек қажет дүниеге құртады. Армандары мен мақсаттарына қалайда қол жеткізеді.

Тырнақтарын өсірмейтін, лак жақпайтын қыздар өз уақыты мен күшін босқа құртқысы келмейді. Олар жоспарлар құрып, солар бойынша өмір сүреді.

Ал сіз қандай маникюр таңдайсыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: fandiz.com 




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN