Өзін-өзі бағалауды арттырудың 4 әдісі

Өзін-өзі бағалауды арттырудың 4 әдісі
Фото: Ернар Алмабек

Өзіңізге сенімді болуыңыз көп нәрсеге әсер етеді: отбасыдағы қатынас, жұмыста табысқа жету және жеке өмір. Өзіңізге деген сенімділікті қалай арттыруға болады?

Жақсы жақтарыңызды дамытыңыз

Өзіңіздің әлсіз тұстарыңызға мән берудің орнына жақсы жақтарыңызды дамытыңыз. Сіз басқаларға қарағанда бірдеңені жақсырақ жасайсыз. Өзіңіздің мықты тұстарыңызды еске түсіріп, қағазға немесе ұялы телефонға жазып қойыңыз. Бұл тізімнің әрқашан қол астында болғаны жақсы. Қажет кезде онымен өзіңізді қолдай аласыз. Мінсіздіктің артынан қуудың қажеті жоқ. Бірақ дамуды тоқтатпаңыз. Көбірек оқыңыз, жаңа нәрселер біліңіз, саяхаттаңыз.

Позитивті ойлаңыз

Ойларыңыз қайда болса, энергияңыз да сол жақта. Ал энергия — өмір. Егер айналаңызда негативті адамдар болса, көп ұзамай сіз де сондай адамға айналасыз. Егер үнемі жаман нәрсе жайлы ойласаңыз, ол шынымен де болады. Айналаңыздағы адамдарға анализ жасаңыз, сіздің өзін-өзі бағалауыңызға кім жағымсыз әсер ететінін анықтаңыз. Содан соң жеке шекара орнату қажет немесе айтылған сөздерге мән бермеуді үйрену керек болады. Әрине, тағы бір әдіс бар: мүмкін болса, мұндай адамдармен мүлдем араласпау.

Қажет емес қасиеттерден арылыңыз

Сіз өзіңізді жақсы білесіз және кей қасиеттеріңіз сізді даму жолында тежейтінін түсінесіз. Оны анықтап, қабылдау — проблеманы шешуге деген алғашқы қадам. Сізді артқа тартатын нәрседен арылыңыз. Мақсатыңызға баяу, бірақ сенімді жылжыңыз. Басқа адамдардың сөзінен немесе естілмей қалудан қорықсаңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз! Жаңа достар табудан немесе танысудан қорықсаңыз, әңгімені бірінші өзіңіз бастаңыз! Өзгерістерден қорықсаңыз, түбегейлі жаңа нәрсе жасауға тәуекел етіңіз! Қорқыныштарыңызды жеңіңіз және өзгеруден қорықпаңыз! Ештеңе істемесеңіз, жаңа нәрселер орын алмайтынын және ешқандай өзгеріс болмайтынын түсініңіз.

Өзіңізге деген сенімділікті арттыру үшін көре алмаушылық, жалқаулық, айыптаушылық, ашуланшақтық секілді қасиеттерден арылу маңызды. Бұл әлсіздіктерді жеңу арқылы алға қойған мақсатыңызға жетесіз.

Басқаларға көмектесіңіз

Тек өзіңізбен және өз проблемаларыңызбен алысып жүрсеңіз, сіз қандай да бір жағдаймен басқалардың қолдауын және көмегін аласыз. Бірақ бірдеңе алу кезінде беруді де ұмытпау керек. Егер мән беріп қарасаңыз, әр адамның басында қандай да бір қиындық барын көре аласыз. Көмекті сізден де қатты қажет ететін адамдар да бар. Басқа адамға физикалық та, моральді де қамқор көрсету арқылы өмірдегі өзіңіздің маңыздылығыңызды түсінесіз. 

А. Жапатова