- Негізгі бет
- Психология
- Алақандағы сызықтар нені...
Алақандағы сызықтар нені білдіреді? Бірге оқып үйренейік!
Біздің алақанымызда 6 негізгі сызық бар. Оларды көпішіліктің қолынан табуға болады, әдетте, олар анық көрінеді. Бірақ бәрінде бірдей олай емес. Алақаннан қандай сызықтарды табуға болады және олар нені білдіреді?
Өмір сызығы
Өмір сызығы — қолымыздағы ең бастыларының бірі. Ол бас бармақты айналып өтіп тұрғандай болады. Өмір сызығына қарап, өмір ұзақтығын, энергия деңгейін, физикалық белсенділікті, денсаулық жағдайын, көшуді және т.б көреді. Өмір сызығы қаншалықты анық және ұзын болса, сіздің энергияңыз бен өмірлік күшіңіз соншалықты көп, денсаулығыңыз соншалықты мықты.
Аралшық
Ал аралшықтар ауыр кезеңдерді, соның ішінде денсаулықтың әлсіреуімен байланысты жағдайларды көрсетеді. Кірестер өмірдегі қауіпті жағдайларды білдіреді. Егер мұндай кірестер квадраттың ішінде тұрса, бұл белгі иесін дағдарыстық жағдайда періштелер қорғап қалатынын білдіреді.
Тағдыр сызығы
Тағдыр сызығы да маңызды рөл атқарады, себебі ол өміріміздің сапасы, мансабымыздың болашағын, тағдырымыздағы ең басты сәттерді және өзгерісті кезеңдер жайлы айтады. Әдетте, тағдыр сызығы алақанды ортасынан тігінен кесіп өтіп жатыр, бірақ оның бұл стандартты күйден ауытқыған түрлері де бар.
Тағдыр сызығы бойынша адамның өз мансабын қай жасқа дейін құратынын анықтауға болады. Егер сіздің тағдыр сызығыңыз саусақтарға дейін созылып жатса, өмір бойы жұмыс істеуіңіз мүмкін. Егер тағдыр сызығы ортаңғы саусақтың астынан (Сатурн төбешігі), сұқ саусақтың астынан (Юпитер төбешігі) және аты жоқ саусақ астынан (Күн төбешігі) аяқталса, бұл жақсы нұсқалар болып саналады. Сызықтың бұлай аяқталулары адамның табысты мансап құра алатынын көрсетеді. Ал сызық фактурасы мен ондағы белгілер бойынша, мансаптың қалай дамитынын түсінуге болады. Кейде адамда екі тағдыр сызығы болады, бұл оның мансапты екі бағытта құратынын көрсетеді.
Тағдыр сызығының болмауы жақсы белгі емес, негізгі себеп пен проблеманы барлық сызықтарға анализ жасап қана анықтауға болады. Сызықтың болмауы адам тағдырының анықталмағандығын білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда бір жағынан, жол таңдауға мүмкіндік бары қуантады, екінші жағынан, адам бір нәрседен екінші нәрсеге көшіп жүреді, өзінің орнын таба алмай қиналуы мүмкін.
Ақыл сызығы
Ақыл сызығы арқылы адамның зияткерлік қабілеттерін, оның тұлғалық типін, ұсынылатын қызмет түрін, сондай-ақ бас денсаулығы жағдайын анықтауға болады. Ақыл сызығы біздің алақанымызды қақ ортасынан көлденең кесіп өтеді.
Егер адамның ақыл сызығы ұзын болса, оған қызметтің зияткерлік түрлерінде (менеджер, ғалым, жазушы, композитор және т.б) мансап құру ұсынылады. Ал алақанның ортасына дейін ғана созылып жатқан сызығы бар адамға бірінші кезекте, физикалық еңбек қолданылатын жерде (құрылысшы, жүргізуші, биші, шаштараз, аспазшы және т.б) мансап құру ұсынылады.
Жүрек сызығы
Жүрек сызығы алақанның жоғарғы бөлігін көлденең кесіп өтіп жатыр. Ол бізге адамның мінезі, махаббаты, уайымдары мен денсаулық жағдайы, соның ішінде жүрек қызметімен байланысты нәрселер жайлы айта алады.
Жүрек сызығының болмауы адамның қатаңдығын білдіреді. Сызықта үзіктердің болуы жүрек проблемасы барын білдіреді. Бірақ бұл үзіктердің басқа сызықтармен қиылысы қарым-қатынас немесе денсаулық жайлы айтуы мүмкін. Бұл сызықтың қысқа болуы оның иесінің өзімшілдігін көрсетеді.
Сатурн төбешігіне (ортаңғы саусақтың асты және одан ары) тиіп тұрған сызық махабаббат жағынан өтірікші немесе адал емес серікті білдіреді. Ал Юпитер төбешігіне (сұқ саусақтың асты) жететін немесе сұқ саусақ пен ортаңғы саусақ арасынан аяқталатын сызығы бар адам таза махаббатты бастан өткереді.
Денсаулық (Меркурий) сызығы
Меркурий сызығы біздің іскерлік қабілеттерімізді, қоршаған ортамен араласу қабілетімізді және денсаулық тақырыбын ашуға көмектеседі. Бұл сызық алақанның төменгі бөлігінің кез келген жерінен басталып, шынашақ жаққа қарай кетеді. Бұл сызық та барлық адамда бірдей кездеспейді.
Егер сізде бұл сызық болмаса немесе әлсіз болса, тәуекелге барып, ақшаны сіз басқаратын бизнеске салудың қажеті жоқ. Әйтпесе, шығынға ұшырау қаупі бар. Егер алақандағы басқа мансаптық сызықтар жақсы болса, біреуге жұмыс істеп, жақсы жетістіктерге жетесіз. Ал егер Меркурий сызығы анық және ұзын болса, онда сіз жеке табысты бизнесіңіздің бақытты иесі боласыз.
northnode.ru
Күн сызығы
Күн сызығы — өмірлік жетістіктің басты көрсеткіші. Ол мойындаудың жоғарғы деңгейін анықтайды және атақты, танымал болу мүмкіндігін көрсетеді. Бұл сызықты барлық қолдан таппайсыз. Ол алақанда тігінен орналасады және ұзындығы әртүрлі болады.
Күн сызығы атақты адамдардың алақанында анық көрініп тұрады. Алайда оның болмауы табысты мансап құралмайсыз дегенді білдірмейді, себебі бай болу үшін танымал болу міндетті емес.
А. Жапатова