- Негізгі бет
- Психология
- Туған күніңіз қашан?...
Туған күніңіз қашан? Мамандық таңдайық!
Нумерологтар сандар сіз туралы көп нәрсе айта алатынына сенімді. Кей адамдар өмірінің қиын кезеңінде немесе үлкен жоба бастарда нумерологтардың көмегіне жүгінеді. Олар адамның туған күніне қарап, оның мықты және әлсіз тұстарын, мінезіне келетін саланы табуына көмектеседі. Ендеше, туған күніңіз бойынша, сізге қандай мамандықтар келетінін тексеріп көріңіз.
Типологияны анықтаймыз
Бұл мансапты таңдауда қажет болатын нумерологиялық маңызды түсініктердің бірі. Типология адамның негізі ерекшеліктерін, оның мүмкін табысын, сондай-ақ мықты және әлсіз тұстарын анықтайды. Оны есептеу оңай: оған тек туған күніңіз қажет.
Мысал келтірейік: сіз 1993 жылы 20 мамырда туылдыңыз. Мамыр бесінші ай болғандықтан, оған 5 деген санды қолданамыз.
Жылыңыздың сандарын қосамыз: 1+9+9+3=22
Шыққан санды тағы да бір-біріне қосамыз: 2+2=4
Содан соң туылған күніңізді де бір сан болатындай етіп қосасыз: 2+0=2
Типологияны алу үшін осы үш санды қосасыз: 5+4+2=12
Егер біздегідей екі сан шықса, тағы да бір-біріне қосыңыз: 1+2=3
Яғни, сіздің типологияңыз — 3.
1
Авантюристер және лидерлер. Тұлғалық қабілеттерін көрсеткенді жақсы көреді, өз ісіне беріледі. Сондай-ақ олардың жауапкершілігі мол және сенімді. Олардан жиі керемет басшы, бизнесмен және кәсіпкер шығады.
2
Өз міндеттерін жоспар бойынша орындайды, кішкентай маңызды детальдарға дейін байқайды, айналасындағылармен тез тіл табысады. Олар жақсы дәрігер, ғылыми қызметкер, дипломат және кеңесшілер бола алады.
3
Олар бірсарынды жұмыс істегенді жақсы көрмейді. Олар білуге құмар, шығармашыл және креативті. Сондай-ақ айналасындағыларды өте жақсы түсінеді. Олардан экскурсия жетекшісі, журналист, психолог және кәсіпкер шығады.
4
Бұл типологияға басқалармен жақсы араласатын және тәртіпті жақсы көретін адамдар жатады. Олар берілген тапсырмаларды жақсы орындайды. Оларға инженер, бухгалтер, басқарушы қызметтер жақсы келеді.
5
Олар еркін жұмыс кестесін жақсы көреді және өздерінің миссиясы — әділетсіздікпен күресу деп ойлайды. Олар үшін өздерінің креативті, коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттерін іс жүзінде қолдану маңызды. Оларға журналистика, саясат және жазушылық келеді.
6
Олар айналасындағылардың қайғысына ортақтаса алады және әрқашан әлемді жақсы жағына өзгертуге дайын. Олардан жақсы мұғалім, бала күтуші, дәрігер, әлеуметтік жұмысшы шығады.
7
Олар табиғатынан білімге құмар. Оларға күнде жаңалық ашқан және өіне қиын тапсырмалар берген ұнайды. Олар ғылым, журналистика, криминалистикада табысқа жетеді. Олардың интуициясы мансап бойынша өсуге апарады.
8
Белсенді және шығармашыл адамдар. Олар өздерін басшылықта және серіктестікте жақсы көрсетеді. Олар мақсатқа жетеді, маңызды тапсырмаларды орындайды және үлкен жобаларды аяқтайды. Олар керемет бизнесмендер, бастықтар, директорлар, жарнамашылар және маркетологтар.
9
Бұл адамдарға тәуелсіз болу ұнайды. Олар өз ақылы мен дарынын көрсете алатын жобаларда жұмыс істегенді жақсы көреді. Оларға сапарға шығумен және басқалардың қызығушылын қолдаумен байланысты мамандықтар келеді. Бұл әртістер, актерлер, редакторлар және баспашылар.
А. Жапатова