«Үтікті өшірмедім, есікті жаппадым»: Мазасыздықпен қалай күресуге болады?
Фото: technosovet.ru

«Үтікті өшірмедім, есікті жаппадым»: Мазасыздықпен қалай күресуге болады?

«Мен үнемі мазасызбын. Маған бірдеңені өшірмеген, жаппаған немесе ұмытып кеткен сияқты көрінеді де тұрады. Мен есікті жапқанымды 10 рет тексермей, үйден шыға алмаймын. Ұйықтар алдында пешті өшіргенімді (күні бойы бір рет те қоспаған болсам да) де қайта-қайта тексеремін. Бұл қалыпты жағдай ма, білмеймін. Осы тұрақты уайыммен қалай күресуге болады?» деп ойлайтындар бар. Осыған байланысты кеңеске құлақ түріңіз. 

Сарапшының жауабы:

«Бұл ұмытшақтықтан басталып, өз өмірінің қауіпсіздігі үшін алаңдаушылыққа дейін жететін өте жағымсыз сезім.

Шындығында, сізді алаңдататын оқиғалардың өзі емес, оларға деген көзқарасыңыз. Көбінесе адам өз басында тек жағымсыз ойларға ерік береді. Неліктен бұлай? Бұған қарапайым түсініктеме бар, яғни, біздің миымыз бізді қорғауға осылай дайындалады. Пайда болған қобалжу сізді барлық жерден қауіп іздеуге мәжбүр етеді. Ал миға сіз шешімін табасыз ба, таппайсыз ба – бәрібір. Ең бастысы –  сигнал беру.

Мұндайда адам алдымен мазасыздықпен күресуді немесе осы ойлардан арылуға тырысуды тоқтатуы керек.

Адамдардың әртүрлі эмоцияларды, соның ішінде үрей мен қорқыныш сезінуі қалыпты жағдай.

Статистикаға сәйкес, қорқыныштардың шамамен 90% -ы мүлде орындалмайды. Сондықтан жаман ойлардың жетегінде кетуге нақты негіз жоқ. Кез келген нәрсеге деген екі түрлі қатынас болуы мүмкін: оны ескеру және елемеу. Ең бастысы, сізге пайда әкелетін ойларға ғана ерік беріп, қалғанынан айығу.

А. Оралқызы