Неліктен Леонардо ДиКаприо 25 жастан асқан қыздармен кездеспейді: психолог пікірі

Неліктен Леонардо ДиКаприо 25 жастан асқан қыздармен кездеспейді: психолог пікірі
Фото: spletnik.ru

Жақында 47 жастағы актердің Камилла Мороннемен айырылысқаны белгілі болды. Леонардо ДиКаприо мен модель 4 жылдан аса уақыт кездескен болатын. Көпшілік олардың кездеспей қалу себебін Леонардоның 25 жасқа толған қыздармен жүрмеуімен  байланыстырды. Леонардо ДиКаприоның мұндай талабының себебі неде болуы мүмкін екенін психолог Екатерина Козейкина айтты, - деп жазды psychologies.ru.

Леонардо мен Камилланың қатынасы басынан бастап қоғамды қызықтырды. Біріншіден, жас айырмашылығы — 20 жастан аса. Екіншіден, ғаламтор қолданушылары мен БАҚ актердің тек жас қыздармен (25-ке толмаған) кездесетінін баяғыда байқады.

Мысалы, мұны оның бұрынғы қыздарының қатынас басында және аяғында нешеде болғанына қарап байқауға болады:

·        Жизель Бюндхен: 18 — 23 жас;

·        Бар Рафаэли: 20 — 25 жас;

·        Блейк Лайвли: 23 жас;

·        Эрин Хизертон: 22 жас;

·        Тони Гаррн: 20 — 21 жас;

·        Келли Рорбах: 25 жас;

·        Нина Агдал: 24 — 25 жас.

Камилла Моронне 25-ке толғаннан кейін екі айдан соң олардың Леонардомен қатынасы аяқталды. Неліктен актер қыздың жасына аса мән береді? Психолог Екатерина Козейкина бірнеше себепті атады:

1. Неке қиюды қаламайды

Әдетте, қыздар 25 жастан асқанда отбасы құруды ойлай бастайды. Ал актер әйелмен қатынаста жеңілдікті, көңіл көтеруді қалауы мүмкін. Ол мойнына отбасылық міндеттерді алғысы келмеуі мүмкін, сондықтан оған қызымен айырылыса салған оңай.

2. Жағымсыз тәжірибе

Леонардоның өмірінде 25-тен асқан әйелмен жағымсыз тәжірибе болған болуы мүмкін.

3. Орта жас кризисі

Актерде орта жас кризисі созылып кеткен болуы мүмкін, сондықтан ол жас қыздарды таңдау арқылы өзінің жастығын созуға тырысады.

А. Жапатова