Көршісімен тату адам ұзақ өмір сүреді

Көршісімен тату адам ұзақ өмір сүреді
Фото: qarmaqshy-tany.kz

Көршісімен тату адам күйзеліс пен жалғыздықтан ада болады. Ал мұндай адам ұзақ өмір сүруге құштар. Осылай дейді Австалия ұлттық университетінің (ANU) зерттеу тобы.

Зерттеу тобы COVID-19 пандемиясынан шыққан 3 мың адамға жалпы ұлттық деңгейде сауалнама жүргізген екен. Сауалнама 2020 жылы мамыр мен қараша айлары арасында өткізілген.

"Көршісімен, жалпы өзі тұрып жатқан ауданның тұрғындарымен, көше бойы көршілерімен тату болған, жақсы қарым-қатынас орната алған жан депрессия пен күйзеліске ұшырамайды, жалғыздыққа тап болмайды. Жақсы көрші – жарым ырыс. Көршіңіз жақсы болса, денсаулығыңызға да жақсы", - дейді зерттеу тобының жетекші авторы, доктор Джеймс О'Доннелл.

Зерттеушілердің айтуынша, Мельбурн қаласында пандемиялық шектеу басқа елдерге қарағанда біраз қатаңдау болған. Содан болса керек, қала жұрты арасында депрессияға ұшырау көрсеткіші 22 пайызға өскен екен. Алайда зерттеушілердің байқаған бір нәрсені бар көрінеді. Яғни, тату-тәтті, бауырмал тұрған аудандардың жұрты, керісінше, депрессиядан ада болып шыққан.

"Біздің зерттеуіміз әлеуметтік байланысы жақсы адамның денсаулығы да жақсы болатынын көрсетіп берді", - дейді доктор.

Қ. Слямбек