Француз әйелдері құпиясы: Өзін-өзі бағалауды арттыру

Француз әйелдері құпиясы: Өзін-өзі бағалауды арттыру
Фото: pinterest.ru

Француз әйелдері өмірге риза болуды біледі. Сенімділік — әйел күшінің кілті және бақытының кепілі. Француз әйелдері көп косметика мен пластикалық хирургияға жүгінбей-ақ, өздерін қалай сенімді сезінеді? Өзіңізді жақсы көруге және өзін-өзі бағалауды арттыруға көмектесетін бірнеше тиімді әдіс ұсынамыз.

«Құпия бақ»
Арасында эмоциялық тұрғыда шаршайтынымыз рас. Мұндай кезде болар-болмас қиындықтардың өзі ашуландырып, болмысымыздың бір бөлігін алып алғандай болады. Жағымсыздықтан басқа ештеңе әкелмейтін тамақтан немесе алкогольден жұбаныш іздегенше, шаршау себебіңізге анализ жүргізіп, оның пайда болуына құрметпен қарай білу керек.

Бізге тәуелсіздік сезімі мен сенімділікті қалыпқа келтіру үшін ерекше пана керек. Бұл құпия жер психиканы «қоректендіруі» тиіс. Егер сыртқы шындықтан күш таппасаңыз, спортпен немесе йогамен айналысуға болады. Тіпті, диванға жатып, жағымды нәрселер жайлы ойлауға және жақсы күндерді еске түсіруге де болады. Бұл жеңіл әрі жағымды көңіл күй сыйлайды және өзіңізді қайтадан сергек сезінуге көмектеседі.

Кітап дүкенінен сатып алған жаңа қызықты шығарма да панаңызға айнала алады. Кітапты тыныш кафеге барып оқыңыз, үйге әдеттегіден жайрақ келіңіз. Бұл күнделікті өмірге өзіңізді ешкімге тәуелсіз тұлға ретінде сезіне оралуға мүмкіндік береді.

Әдемі заттар
Көпшілік күнделікті өмірінде елеусіз, «қарапайым» заттарды қолдануға үйреніп кеткен. Сол үшін де өзін-өзі бағалауы түсіп кетеді. Кейде, тіпті, бізде әдемі заттардың барын да ұмытып кетеміз. Ал француз әйелі әжесі сыйлаған күміс шай сервизін шкафқа салып қоймайды. Ол шкафтан тек мерекеде ғана шықпайды, күн сайын дастарханының сәнін беріп тұрады. Әдемі әрі бағалы заттарды өзіне қимайтын әйелдер көп, олар бұл әдетімен өзін-өзі бағалауын одан сайын түсіре береді. Сондықтан «жақсының» барлығын алдымен өзіңізге пайдаланып үйреніңіз.

Өз бірегейлігін сақтау
Француз әйелдері тартымдылығының құпиясы — өз-өзін жақсы көруі, өзіне риза болуында. Ал оларға әдемі көрінуге және өздерін тартымды сезінуге ақылы мен жан дүниесінің кеңдігін көрсететін тұлғалық бірегейлігі көмектеседі. Махаббатта және отбасымен, достарымен қарым-қатынаста ең бастысы — өз болмысының ерекшелігін сақтай білу. Қасыңыздағы көптеген адамға мотивация беріп, басқалар үшін батырсынуыңыз мүмкін. Одан қандай да бір қуаныш алуыңыз да мүмкін, бірақ сіз басқа адам үшін өмір сүріп бере алмайсыз (сол секілді ол да сіз үшін өмір сүріп бере алмайды). Егер сіз біреудің көшірмесіне айналсаңыз, өмірдің қызығын жоғалтуыңыз мүмкін, сондықтан бірегейлікті сақтап, оны дамыту маңызды.

Айналадағыларды шабыттандыру
Бұны әркез түсіне бермегенмен, біздің күнде біреуді шабыттандыратын және өмірді өзгертетін мүмкіндігіміз бар. Әр адам қайталанбас өмірді қалай сүру керегін көрсететін үлгіге айнала алады. Сондықтан тіпті санасыз түрде  біреуге үлгі немесе ұстаз болуыңыз мүмкін. Егер сіз өзіңіздің қуанышыңыз немесе сүйікті адамыңыз үшін әдемі көрінгіңіз келмесе, оны жас ұрпақ үшін жасауға болады.

Егер басқа адамдарға қарау үшін және өзіңізді басқаларға көрсету үшін серуенге шықсаңыз, жаңа мүмкіндіктер ашасыз. Тәтті тамақтың дәмін көруге, гүл сатып алуға немесе көрші дүкендегі кітаптарды қарауға тоқтаңыз. Мұндай ұсақ-түйектің бәрі адамға ішкі сүйенішін дамытуға, айналаңыздағы адамдармен ортақ қызығушылық табуға көмектеседі.

А. Жапатова