- Негізгі бет
- Психология
- Жабырқаңқы көңілді көтерудің...
Жабырқаңқы көңілді көтерудің 7 әдісі
Кейде адамдар далада жаңбыр немесе қар жауып тұрса, ал сыртта аса маңызды шаруасы болмаса, үйде қалуды жөн көреді. Мұндай уақытта көпшілік адам өздерін шаршаңқы, жабырқаңқы сезініп, әр нәрсеге ашуланып, немен айналысатынын білмей қалады. Сондықтан үй жинау, тамақ пісіру немесе басқа да үй міндеттеріне кірісіп кетеді. Әрине, үй тазалау немесе тамақ пісіру процесінен де ләззат алатындар бар. Бірақ бұл бітпейтін шаруалар кейде шаршатып жібереді. Сондықтан үйде көңіл күйді көтеруге көмектесетін басқа әдістерді ұсынамыз.
Хоббиге уақыт бөлу
Күнделікті жұмыс пен бітпейтін үй шаруалары немесе жеке проблемалар хоббиге уақыт бөлуге мүмкіндік бермейді. Алайда қолайсыз ауа райында көңіл күйді сүйікті ісіңіз бірден көтере алады: ол кітап оқу, шығармашылықпен айналысу, пайдалы подкасттар тыңдау және т.б болуы мүмкін. Бұл тұлға ретінде дамуыңызға, уақытты пайдалы өткізуге және өзіңізді бақытты сезінуге көмектеседі. Хоббиге 1 сағат уақыттың өзі жеткілікті.
Дәмді тамаққа тапсырыс беру
Сүйікті тағамдарыңыздан бас тартып, қатаң диета ұстап немесе дұрыс тамақтану ережелерін сақтап жүрсеңіз, жаман ауа райы мен жабырқаңқы көңіл күй — ережені бұзуға бір себеп. Айына бір рет дәмді әрі зиянды тамақ жегенде тұрған ештеңе жоқ. Көпшілік диетада мұндай күнге рұқсат беріледі. Сондықтан үйге дәмді тамаққа тапсырыс беріңіз. Ол көңіл күйіңізді бірден жақсартады. Кейін бұл ісіңіз үшін өзіңізді кінәламаңыз, тек оның жиі қайталанбауын қадағалаңыз.
Spa-процедуралар жасау
Нашар ауа райы — үйдің ішінде spa-салон жасауға жақсы себеп. Қолыңыз тимейтін күтім процедураларына уақыт бөліңіз. Денені скрабпен тазалаңыз, бетіңізге маска жағыңыз немесе аяққа арналған ванналар жасаңыз. Мұндай процедуралар теріге пайдалы, босаңсуға көмектеседі және көңіл күйді көтереді.
Ваннада жату
Көбік пен хош иісті майлар қосылған суы бар ваннада жатыңыз. Ол босаңсуға және негативті ойлардан арылуға көмектеседі. Қасыңызға ноутбуктен қызықты шоу қосып қоюға болады.
Фильм көру
Қызықты фильмдерді жазып жүретін әдетіңіз бар ма? Көбіне бұл тізім жаңа фильмдермен толыға береді, бірақ көруге уақыт бола бермейді. Ендеше, далаға шығуға зауқыңыз болмаса, кино қарауға кезек келді.
Достармен үстел ойындарын ойнау
Нашар ауа райы — бір үйге достарды жинап, дәмді тамақ алып, үстел ойындары кешін ұйымдастыруға керемет себеп. «Мафия», «Монополия» және басқа да ойындар барлық негативті ұмыттырып, өзіне баурап алады. Егер ешкімде қандай да бір үстел ойыны болмаса, телефоннан бірнеше ойыншымен ойнайтын қосымшалар жазып алуға болады.
Жаттығу жасау
Егер физикалық белсендігіңізге мән беріп, уақытылы спортпен айналыссаңыз, кейде қолайсыз ауа райы жоспарыңызға кедергі келтіреді. Егер залға бармай қойсаңыз, үйде жаттығулар жасаған жөн. Себебі физикалық белсенділік көңіл күйді көтеріп, күш-қуат береді.