Депрессиядан қандай сабақ алуға болады?

Депрессиядан қандай сабақ алуға болады?
Фото: unsplash.com

Депрессия — жасына және қоғамдағы орнына қарамастан адамдардың көпшілігі шалдығатын ауру. Ол күйзеліс, түбегейлі өзгеріс немесе генетикалық бейімділіктен пайда болады. Депрессияны жеңу — өте қиын тәжірибе. Бірақ кез келген сынақтан бірнеше бағалы сабақ алып шығуға болады.

Депрессия өзін-өзі нашар сезіну барлық адамға тән құбылыс екенін көрсетеді 

Депрессияның айқын белгілерінің біріне үнемі көңіл-күйдің болмауы жатады: адам жұмыс істеуге, белсенді әлеуметтік өмірді ұстануға, тіпті, басқаларға жымиюға күш таба алмайды. Мұндай адамдарды далада жиі кездестіруге болады және оларды бір көргенде әдепсіздігі немесе дөрекілігі үшін санауың да мүмкін. Бірақ жақсы және жаман күндер барлық адамда болатынын естен шығармайық. Кейде бізді әрекетіміз емес, көңіл-күйіміз басқаратыны рас.

Депрессия маңызды заттарды байқауды үйретеді

Депрессияның жиі кездесетін тағы бір белгісі — хоббиге немесе жұмысқа деген қызығушылықтың жоғалуы. Үйреншікті заттар қуаныш сыйламайды, олар күнделікті қарбаластың бір бөлігіне айналады. Бұрын жағымды сезімдер сыйлаған заттардың бәрі депрессия кезінде қызықсыз болып қалады. Басынан депрессияны өткерген адамдар әр әрекетіңді автоматты түрде болатын құбылысқа айналдырмауға кеңес береді. Мысалы: аптасына бір рет жұмысқа басқа жолмен бару, түскі үзілісте саябақта серуендеу, даладағы адамдарды бақылау және т.б. Өмір күніңді жағымды сезімдерге толтыратын ұсақ-түйектерге толы екенін ұмытпа.

Депрессия кейде сені бақытты етпейтін заттардан бас тартып және ұнамайтын адамдармен араласпауды түсіндіреді

Депрессия кезінде айналаңдағы адамдардың көбі сені дұрыс танымайтынын түсінесің. Егер қандай да бір адаммен араласу саған қуаныш сыйламаса, керісінше, тек моральды тұрғыда шаршатса, онымен байланысты үзуге күш таба білу керек. Сондай-ақ, қолданбайтын қажет емес және ыңғайсыз заттардан ойланбастан арылуды үйрен.

Депрессия ең жаман күн де аяқталатынын көрсетеді

Депрессия кезінде әлем қиратылып, енді ештеңе және ешқашан бұрынғыдай «жарқын» болмайтындай көрінеді. Алайда әлем бойынша жүргізіліп жатырған түрлі зерттеулер депрессияны жеңген адам әлемді бұрынғыдан да жақсырақ әрі айқынырақ көретінін дәлелдеп келеді.

Депрессия күйзелістерден қашуға үйретеді

Депрессияның тағы бір белгісі — үнемі шаршап жүру. Оның туындауына үнемі демалуға уақыттың жетпеуі, мазасыздану және қарбалыс өмір салты ықпал етеді. Депрессиямен ауырғандар егер күшіңнің таусылғанын сезсең, уақытында демалып, тоқтай білу керегін айтады.

Депрессия жеке шекараны орнатудың маңыздылығын түсіндіреді

Өзің үшін осы шекараны нақты анықтап алып, оны басқалардың бұзбауын қадағала. Біреумен қарым-қатынаста өзіңе ұнамайтын нәрселер жайлы айтудан ұялма. Өз сезімдерің үшін бірінші кезекте сен ғана жауаптысың. 

Депрессия ішкі дауысты тыңдауды үйретеді

Психологтар мидың мықты механизмдерінің бірі интуиция екеніне бір ауыздан келіседі. Ішкі дауыс адамды кейде ойланбай жасалатын істер мен әрекеттерден тоқтатады.

А. Жапатова