Психологиялық тест: өмір мен қауіп

Психологиялық тест: өмір мен қауіп

Суретке қараңыз. Қай адам бірінші опат болуы мүмкін деп ойлайсыз? Жауабыңыз мына пікірмен сәйкес келуін тексеріңіз. 

Бірінші адам
Өмірде болып жатқан жағдайларға аса алаңдамауға тырысасыз. Бірақ бұл кейде қолыңыздан келмейді. Кейде бір шалыс басқан қадамыңызды мың ойланып, ой түбіне түсіп кетесіз. Ешкімнен көмек күтпей, өз күшіңізге ғана сенсеңіз, бәрі дұрыс деген сөз.

Екінші адам
Бәріне сын көзбен қарайсыз. Алдыңызда не күтіп тұрғанын, қай кедергіден қалай өтуді болжай білесіз. Реалист адамсыз. Дегенмен реалист боламын деп, басқан қадамыңыз сәтсіздікке ұшыраған сайын пессимист боп кетпеңіз. Әлемге түрлі қырынан көз салып, айналаңызға сеніміңізді арттыруға тырысыңыз.

Үшінші адам
Өзіңіз ойдан құрап алған «жалған» әлемде өмір сүретін секілдісіз. Айналаңызда болып жатқан жағдайдың жай-жапсарын бақылай алмайсыз. Бұл бір кезде өміріңізде соққы боп тиген жайтқа байланысты болуы мүмкін. Өмірге көзқарасыңызды өзертпесеңіз, талай опық жейсіз. Әлемге басқа көзбен қарап, айналаңыздағыларға сенім артуға тырысыңыз.

Төртінші адам
Өмірдің шынайы бейнесін қабылдау тұрғысынан алғанда, сізде бәрі дұрыс. Өмір ағынына қарай сәтсіздікке ұшырайтын кезіңіз де болады. Бірақ ондай-ондай ханның қызында да болады ғой. Қатеге қадамға жол бермеу үшін әлемге сыни тұрғыда қарау қасиетіңізді әлі де жетілдіру қолыңыздан келеді.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар