Баланы мейірімді болуға баулу. i-balaqai жобасында Адель Оразалинова

Баланы мейірімді болуға баулу. i-balaqai жобасында Адель Оразалинова
Фото: tengrinews.kz

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова баланың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту және көмек қолын созуға баулу туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі – Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес – "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.

Бүгін, 31 мамыр сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикер "Баланы мейірімді болуға дағдылау" туралы әңгіме өрбітеді.

Адель Оразалинова – продюсер, онкологиялық аурумен ауыратын балаларға көмек көрсету қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы, "Благотворительный склад ПТО" жобасының авторы, Cosmopolitan тұжырымдамасы бойынша "Жыл әйелі", Evia Media продакшн-компаниясының директоры.

Жүргізуші – PR-сарапшы, Khalykbergen Strategic Communications агенттігінің негізін қалаушы Нұркен Халықберген.

Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.

Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасында көруге болады.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц.

Қ. Слямбек