Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Баланы кітап оқуға қалай қызықтырамыз?

Баланы кітап оқуға қалай қызықтырамыз?

Баланы кітап оқуға қалай қызықтырамыз?

Қанша ақпараттық, мультимедиалық кеңістікте өмір сүргенімізбен кітаптан алатын білімге жетер күш жоқ.

Әдеби кітапты оқу арқылы сезімге, ерекше көңіл-күйге, эстетикалық сұлулыққа бөлену, танымдық, энциклопедиялық кітаптар арқылы білім алу, көзқарас қалыптастыру – тәрбиенің баға жетпес қазынасы. Кітап оқу – үлкен мәдениет пен интеллектуалдық жетістіктің іргетасы.

Алайда кітаптың құнды құдіретін біле тұра оқымайтынымыз көп. Ең қызығы, біле тұра баламызға да оқып бермейміз. Оны оқуға талап қоймаймыз. Бұл дұрыс емес.

Ең бірінші, бала айналасындағы көрген амалдарды, істерді жасауға құмар. Отбасы мүшелері, ата-ана, ата-әже үнемі кітап оқыса, баланың да оқуға деген қызығушылығы артады. Кітапты оқып беріп те баланы қызықтыруға болады. Мәселен, ертегі оқып беру арқылы бұл ертегінің аяғын білгің келсе «өзің оқып көр» деп кітапты ұсыныңыз. Кейін ол сізден үйретуіңізді сұрайды. Осылайша кете береді...

Екіншіден, үйде кітап сөресін жасақтаңыз. Көп көлемде кітап жинаңыз. Сөресіз үй сәулесіз нұр сияқты. Кез келген үйге кіріп, кітап сөресінің бар не жоғына, жасақталу жайына қарап қандай отбасы екенін тануға болады. Сондықтан кітап жиыңыз. Оның үстіне, үйдегі кітапхана баланың интеллектуалды дамуына мүмкіндік береді. Қымбат жиһаз бен жайлы үй баланы білімді ете алмайды.

АҚШ-тың Невада Университеті әлемнің 27 мемлекетінен іріктелген 70 мың тұрғынға әлеуметтік зерттеу жасаған. Зерттеу 20 жылға созылған. Яғни, бір ұрпақтың қалыптасуына жеткілікті уақыт мөлшері. Нәтижесінде үйінде 500 томға жуық кітабы бар отбасындағы балалар өзге балалармен салыстырғанда үш жарым жыл артық кітап оқиды екен. Үйдегі 20 жақсы кітаптың өзі балаға берер берекесі молынан екен: баланы кітап оқуға жетелейді әрі қажет, қызық мәліметті таныстырады.

Үшіншіден, балаға кітап оқудың үлкен жетістік екенін жеткізіңіз. «Кітап оқысаң, білімді боласың, өнерлі боласың, айналаңа сыйлы боласың» десеңіз, балаңызға құлшыныс бересіз. Кітаптан артық дос жоғын түсіндіріңіз.

Байқап қарасаңыз, аталған кеңесті жасау түк те қиын емес. Кітап алыңыз, өзіңіз кітап оқыңыз, оны балаңызға үйретіңіз. Қарапайым ғана формула. Күнделікті жаңалықтың өзін интернеттен көрмей, газеттен қараңыз. Үйге жақсы-жақсы танымдық энциклопедиялар сатып алып қойыңыз. Қазір түрлі-түсті, айтары мол балалар кітабы көп.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қымбат Слямбеков
Фото: yandex.kz
Қосылған күні: 12 мамыр, 19:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->