Бала салған суреттің сыры

Бала салған суреттің сыры
Фото: unsplash.com

Балалар сөзбен айтып жеткізуі қиын болған дүниелерін суретпен білдіруі мүмкін.  Ал кешегі мақалада балалар не үшін сурет салатынын айтып кеттік. Ендеше балалар салған суреттің формасы мен орналасу ретіне қарап олардың мінез-құлқы мен іштей мазалап жүрген дүниесін анықтауға болады.

Сурет қағаздың тура ортасының жоғарға жағында орналасса, біріншіден – сурет сала алатындығына іштей сенімсіздік, екіншіден – ойындағысының жүзеге асуын қалауы (іштей қапалану), үшіншіден – бала шеттетілуге бейім.

Ал сурет қағаздың тура ортасында орналасса – қыңырлық, бет-жүзіне қарамай тіке айту. Психикалық тепе-теңдікті сақтау үшін қамқоршының бақылауына зәру.

Сурет қағаздың тура ортасының төменгі жағында орналасса немесе сурет қағаздың қақ ортасына қатысты төмен болса, баланың өзін қауіпті және  ыңғайсыз сезінумен қатар депрессиялық көңіл-күйге түсуі байқалады. Сонымен қатар бала өзіне шек қойылғандай еркін сезінбейді.

Сурет қағаздың сол жағындағы жоғарғы бұрышына орналасса, басқа да бір қобалжулардан аулақ болғысы келеді. Өткен шаққа саяхаттауды қалайды немесе қиялға шомып кетеді.

Сурет қағаздың оң жағының жартысына орналасса, ақыл-ой қабілеті аймағында рахаттану сезімін іздейді.  Мұндай жағдайда баланың мінез-құлқын бақылауда ұстап, болашағына көңіл бөлген дұрыс.

Сурет қағаздың сол жақ шетіне шығып кетіп орналасса, өткенді еске түсіре бергендіктен, келешегіне алаңдайды. Айқын эмоционалды қобалжуларына шектен тыс уайымдайды.

Сурет қағаздың оң жақ шетіне шығып орналасса, бұрынғы өткеннен құтылу үшін болашаққа қарай ұмтылыс байқалады. Жасырын емес ашық қобалжулары үшін қорқынышы бар.  Өзін қатаң бақылауда қалғанын ұнатпайды.

Суреттегі контурлар өте тіп-тік орналасса – қыңырлық пен  бірбеткейлік.

Суреттегі эскизді контурды үнемі қолданса – ұсақ-түйекке мән беру, дәлме-дәл болғанға ұмтылысы аңғарылады. Көзқарасын айқындау қабілеті нақтылана бастайды.

Есіңізде болсын, баланың сурет сала алуы оның болашақта жаңа идеялар мен инновациялық технологиядағы жобаларды жасауына да ықпалын тигізеді.

Н. Үсенова