Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Балалар неге сурет салады?

Балалар неге сурет салады?

Балалар неге сурет салады?

Сурет салудың адамға қаншалықты қажет екенін білу маңызды. Соның ішінде балаға үшін сурет салу жай ғана бейнелеу өнері емес. Салған суреттері арқылы баланың өмірге деген көзқарасы мен адамдармен қарым-қатынасы секілді түрлі ақпаратты алуға болады. Сондықтан бір сәтке балаңыздың салған суретіне үңіліп, мән беріңіз.

Баланың сурет салуының себебі

Бұл сұрақ бәрімізге де қызық шығар. Ендеше, бұл сұраққа жауап іздеп көрейік. Көптеген зерттеуге қарағанда, отбасы мүшелері көбірек сурет салумен, жазумен шұғылданатын болса, бала да сурет салуды ерте бастайды. Яғни баланың сурет салуына себеп – үлкеннің әрекетіне еліктеушілігі. Ересекке еліктеу – бала үшін жаңа нәрсені меңгерудің қайнар көзі және басты тәсілі. Бала еліктеуде үлкендердің ісін толықтай тура қайталамайды. Мәселен, анасы не әкесі тәрізді кітапты оқимын деп еліктеу арқылы сәби сурет салуды бастайды.

Алғашқыда бала ешнәрсеге қарамай қағазды шимайлайды. Алайда ол бірнеше рет шимақтаған соң, шимақтарының нәтижесіне қызыға бастайды, оған қараған сайын қайталағысы келіп тұрады. Осындай шимақтан басталатын туындысынан баланың көңіл-күйі мен жан толқуы көрінеді. Ең маңыздысы, сурет салғанда қол қозғалысымен және көру қабілетінің арасында тығыз байланыс орнайды. Балаға дер кезінде сұраған қағазы мен қарындашы берілмеген жағдайда, қолындағы заттармен сурет салуға кіріседі. Мысалы, бордың, көмірдің қалдығы, әкесінің қаламсабы, анасының ерін далабын тауып, өзіне ұнағандардың бірін, яғни еденді, қабырғаны не есіктерді, дастарқан не кітап беттерін шимайлай бастайды. 

Шығармашылық шабыт қуаты адамға туғаннан беріледі. Балалық шақта осыған мән бермегендіктен, шығармашылықтың бастауы жанбай жатып сөніп қалуы мүмкін. Мәселен, 3-7 жастағы баланың шығармашылық мүмкіндігі нақты әрекеттер арқылы дамиды. Осы жас аралығында баланың қабілеті ерекше айқын көрінеді. Ал ересектер оның орнығуына, дамуына көмектесуі қажет. 3 жастан асқан бала «бұл менің анам» деп шимайлаған суретті сенімді түрде көрсетеді. Біз ол суреттің анасына ұқсамайтындығын білсек те, баланы мақтауымыз қажет. Өйткені  ол шығармашылық үдерістің нәтижесінде жетіп отыр.

Ең бастысы ата-ана баланың қолына қарындашты жиі ұстатуы қажет және оны қалай ұстауды үйреткені жөн. Бастапқыда балада айқын мақсат болмайды. Қарындашты қозғалтқанына қанағаттанып, қағазға не түскендігі оны қызықтырмайды. Бірақ біраз уақыттан кейін, ол өзінің қарындашты қозғалтқанынан қағаздағы іздерді көреді. Осы кезеңнен бастап, бала жиі және қызығушылықпен сурет сала бастайды. «Сен не салдың?» - деп сұрасаң, ол не айтарын білмейді. Ал егер үлкендер «гүл» не «апа» деп атайық десе, ол оған келісуі де не келіспеуі де мүмкін. Үлкеннің көмегінсіз мектепке дейінгі баланың қабілеті дамымайды. Салған суретін үлкендерге көрсеткенде, оған назар аудару керек, тек үндемей қалмай, әрекетін қолпаштап, мадақтап отырған жөн. Тек «сен үйді дұрыс салмайсың», «жылқыны бұлайша салмайды» деуден аулақ болыңыз.

Балаңыз ұзақ уақыт сурет салмай қойды ма?

Бұл мәселенің психологиялық себебі, үлкендердің суретті бағалауымен байланысты. Себебі мектепке дейінгі баланың психологиясы әрекетінің бағасы мен оның нәтижесін, ересектердің оған деген жақсы немесе жаман қатынасын айыра алмайды. Мысалы, әке-шешесі не үлкен ағасы, әпкесі «суреттегі сызық дұрыс емес, келесі жолы түзететін бол» деген секілді жағымсыз бағалаулар оларға: «Сен жамансың. Мен сені жақсы көрмеймін» деп айтып тұрғандай керісінше түсінеді. Бұл бала үшін өте қорқынышты. Осындай жағымсыз қатынасты бала суреттегі кемшіліктен деп ұқпай, сурет салу жұмысымен байланыстырады. Содан соң әлгі бала «суретің нашар» деп бағалаған кісінің көзінше сурет салмауға және салған суретін көрсетпеуге тырысады. Нәтижесінде бала сурет салуын доғарады, оның көпке дейін бұл іске құлшынысы болмайды. Кейін балабақшада немесе мектепте сурет пәнінен сурет салуға тура келгенде, бала сурет сабағынан қорқады. Өйткені үлкендер айтқан ескертпелер жағымсыз әсер тудырып, «жаман баға қоятын шығар» деген қорқыныш бойын билеп, сурет салуға деген ұмтылысы мүлдем сөніп қалады.

Сонымен қатар, кейбір ата-ана бүлдіршін ұл-қыздарының салған суреттеріне «жақсы екен» дегеннен артық ешнәрсе айтпай, немқұрайлық танытады. Осы сәтте баланың суретке деген құштарлығын басып тастаған жоқсыз ба? Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларға тап болмас үшін, ең алдымен балаңызды сурет салғаны үшін мақтаңыз. Егер оның суретіндегі кемшілігін түзеткіңіз келсе, оған: «сен аттың суретін жақсы салыпсың, бірақ аттың мойнын  ұзынырақ етіп салса, тіпті күшті болып шығады» - деп түсіндіріңіз. Қалай және қайтіп жақсы салуға болатындығын міндетті түрде айтыңыз.                                                                  

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: khiyam.com
Қосылған күні: 10 ақпан, 16:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->