Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / "Уайымдама" деген сөзбен адамды сабырға шақыру мүмкін бе?

"Уайымдама" деген сөзбен адамды сабырға шақыру мүмкін бе?

Кейде біреу мұңын шағып не қайғысын айтып отырса, оған не деп жауап беруді, қалай жұбатуды білмей қаламыз. Аузымызға сөз түспей, "уайымдама" дей беруіміз мүмкін. Себебі тас түскен жеріне ғана ауыр. Оған уайымдама, мұңайма дегенмен қайғысы сейіле қоймайды. Оның орнына мына сөздермен қолдау көрсету керек.

"Саған қалай көмектесе аламын?"

Іспен көмектесу – мың сөздің орнын басады. Егер адам қиын жағдайға тап болса, оны не деп жұбатуды емес, алдымен қалай көмектесуді ойлаңыз. Оның жалғыз емес екенін, өзін қолдайтын, қол ұшын созатын жандар жанында екенін сезінсін. Осылай жағдайы бірден оңалып кетпесе де, біраз жаны жай табады.

"Жағдайыңды түсініп тұрмын"

Біреудің жайын біреу өз басына іс түспесе еш түсіне алмайды. Сіздің де басыңыздан оның мәселесіне ұқсас жағдай өткен болса, сол туралы айтып беріңіз. Сіздің әрекетіңізді қайталау арқылы ситуациядан шыға алмайтын болса да, өзін соры қалың жан сезінуден арылады. Оның қазіргі мәселесінен де қиын жағдайларға тап болғандар туралы айтыңыз, сонда шүкірлішік етеді.

"Сұмдық жағдай екен"

Қай кезде болса да мәселе тура сол сәтте шешілместей көрінеді. Ой осыны да мәселе деп отырсың ба, ертең-ақ осыны күле еске аласың деген секілді жұбату сөздері адамды сабырға шақырмайды. Одан сайын оны мазақ етіп, менсінбей отырғандай көрінгіңіз келмесе, жай ғана мәселесін бастан-аяқ айтып беруге мүмкіндік беріңіз, оқиғаны бағалап, ананың әрекеті дұрыс болмапты, мынау осылай істеу керек еді деп пікіріңізді қосудың да қажеті жоқ. Жай ғана үнсіз тыңдасаңыз, ол ішіндегіні ақтару арқылы өзі-ақ жеңілдеп қалады. Ал ары қарай оқиғаны талқылап, тарата берер болсаңыздар, іштегі өрті, өкпе-реніші ұлғая түседі.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: BestVix
Қосылған күні: 16 қаңтар, 17:57

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.