Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Баюға не кедергі? (психологиялық тест)

Баюға не кедергі? (психологиялық тест)

Баюға не кедергі? (психологиялық тест)

Түйсігіңізге сүйене отырып, төрт әмиянның қайсысына ақшаңызды салар едіңіз деген сұраққа жауап беріңіз.

Бірінші әмиян
Қаржылық мәселелер өзінен өзі шешілуін армандайсыз. Осылай өмірден ләззат алғыңыз келеді. Мұндай оймен тек ақшаны «қуып жібересіз». Оны өз өміріңізден көргіңіз келмейді. Ақшамен достасуды үйреніңіз: оны жоспарлаңыз, санаңыз, құрметпен қараңыз. Сонда үйіңізде материалдық тұрақтылық орнайды.

Екінші әмиян
Сіз бюджетті жақсы түсініп, оны жоспарлай білетін жандар қатарынансыз. Ақшаның құдіреті мен қадірін білесіз. Осы қасиетіңізге қуанып, пайдалан алмасаңыз, байымайсыз. Ақша құр санауды жақсы көрмейді. Ол қуаныш сыйлауды ұнатады. Кейде жан қалауыңыз үшін ақшаны есепсіз шашуға да болады.

Үшінші әмиян
Сіз ақшаны жақсы көргенмен, оны табуды жақсы көрмейсіз. Бюджетіңізді жоспарламайсыз. Сондықтан ішіңіздегі ақша энергиясын жақсарта алмайсыз. Тұрақтылық та орнамайтыны осыдан. Қаржылық сауатыңызды арттырып, ақшаға деген көзқарасыңызды өзгерту керек. Жаныңызға жайлылық сыйлайтын жұмыс табыңыз, сонда капиталыңызды арттырасыз.

Төртінші әмиян
Сіз ақшаны жақсы табасыз, оған деген көзқарасыңыз да дұрыс. Қадірін білесіз. Өз әмияныңыз да сондай әдемі болар. Ішіне ақшаны қалай болса солай тыға салмай, ұқыптап, реттеп саласыз. Біздің бір ғана кеңесіміз – капиталыңызды арттыру үшін сараң болмаңыз. Сізден көмек сұраған адамға қаржылай қолдау көрсетіңіз, сонда ақшаңыздың берекесі кіреді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: BestVix
Қосылған күні: 06 желтоқсан 2019, 09:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.