Қандай отанасы болатыныңыз таңдаған үйіңізге байланысты (психологиялық тест)

Қандай отанасы болатыныңыз таңдаған үйіңізге байланысты (психологиялық тест)
Фото: teletype.in

Суретке мұқият назар аударып, санаңыздан артық ойды шығарып тастаңыз. Егер үйлі-баранды келіншек болсаңыз, жұбайыңызды ойыңызға алып, сол кісімен осы суреттегі төрт үйдің қайсысында тұрғыңыз келетінін елестетіңіз. Шешім қабылдаған болсаңыз, енді жауаптарымызды қабыл алыңыз.

А нұсқасы, терезесі үлкен үй
Сіз нағыз отбасы үшін жаралған жансыз. Үйдің барлық шаруасын дөңгелетіп әкетесіз. Дастарқаныңыз әрдайым дәмді тағамға толып, жайнап тұрады, үйіңіз де жылан жалағандай таза тұрады. Сонымен қатар нағыз әйелге тән қасиеттерге де байсыз. Жан жарыңызға әрдайым қолдау көрсетіп, оны құдайыңыздай күтіп, сыйлайсыз. Сүйгеніңіз сізден үнемі ерекше мейірім, жылулық көреді. Әрине, мұндай жан асыл ана болары да сөзсіз.

В нұсқасындағы терезесінде пердешесі бар үй
Сіз пысық жар боласыз. Отбасының бюджетін жоспарлау сіздің құзырыңызда. Артық бір тиын шашпайсыз. Жоқтан бар жасап, қолдағыны берекесімен қолданасыз, үнемдей де білесіз. Барлық кедергіні жеңіп шығатын күшке иесіз. Сізден жақсы ана шығады. Білім алуға да жеткілікті түрде уақыт арнайсыз.

Терезесі кішкентай С нұсқасындағы үй
Сіз отбасы, ошақ қасы үшін жаралмағансыз. Бар мақсатыңыз – мансап қуу. Алайда сіздің отбасыңыз жаман болады деген сөз емес. Бала тәрбиесіне қаталдықпен қарайсыз, бірақ барлығын әділетті түрде шешесіз. Жолдасыңыз сізге қарап алға ұмтылады. Тартымды жаратылыс екеніңізді айтпай кетуге болмайды.

Дөңгеленген әрі пердесі бар терезелі D нұсқасындағы үй
Сіз аса сабырлы, нәзік, сезімтал келіншексіз. Іскерлік қабілетіңіз бірден көзге түседі. Сіздің үйіңіз сырттай қарағанда дизайнер журналдарының мұқабасы секілді көрінеді. Күнделікті жалықтырған тағамдарды дайындау сіздің ісіңіз емес, міндетті түрде ерекше рецептімен жасайсыз. Сіздердің балаларыңыз нағыз бақытты бала боп өседі деуге болады. Барлығына түсіністікпен қарайсыз, мейірімдісіз. Жарыңызды барынша қолдап, қажет кезде кеңесіңізді де айтып отасыз. Ол сіздің бұл қасиетіңізді аса жоғары бағалайды.

Өзіңізді ерекше қасиеттеріңізді ескере жүрсеңіз, болашақта бұл сізге көмегін тигізеді. Отбасын ұйытып отыруға да сеп болады.

@. @assel_assanova