Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жарыңыз үйге кеш келгенде... (психологиялық тест)

Жарыңыз үйге кеш келгенде... (психологиялық тест)

Жарыңыз үйге кеш келгенде... (психологиялық тест)

Үйлі-баранды кез келген адамның басында болатын жағдай – үйге кеш келу. Отбасы болғаннан кейін ыдыс аяқ сылдырламай тұрмайды, аса сабырлылық танытып, өзіңізді басып, кешірім жасай білмесеңіз, шаңырақ ортасына түсе салады.

Негізінен күйеуі үйге күндегі уақыттан кеш оралатын болса, мұны келіншегіне ескертіп, не себепті кешігетінін де түсіндірген жөн. Барлық әйел күйеуінің қайда, не істеп жүргенін біліп отырғысы келеді. Суретте берілген төрт әйелдің қайсысы сізге көбірек ұқсайды?

Бірінші нұсқа
Мұндай қылықты кешіре алмайсыз. Ұрыс шығарудан да тайынбайсыз. Қателігін бетіне баса отырып, оның алдында оған төзіп келген қылықтарын да түгел ақтарып айтасыз. Күйеуіңіздің басқан қадамынан есеп алып отыруды қалайсыз.

Екінші нұсқа
Әрине, жағдайға бейжай қарай алмайсыз. Алайда сол үшін жанжал шығарудың қажеті шамалы деген ойдасыз. Аздап күңкілдеп, өкпе-назыңызды білдіруіңіз мүмкін. Ал бұрыннан жиналған ренішіңізді «жабулы қазан» күйінде қалдырасыз. Көңіл күйіңіз бұзылғанымен, өтіп кеткен нәрсені қазбалай берудің мәні жоқ екенін түсінесіз. Бір жағынан күйеуіңіз сіздің бұл қасиетіңізге жаман үйреніп алуы мүмкін.

Үшінші нұсқа
Күйеуіңіз есіктен кіре сала сіздің ашулы түрмен күтіп тұрарыңызды біледі, тіпті есік ашуға бармауыңыз да мүмкін. Онымен сөйлеспей қоясыз, бір не екі күн «үндемес» ойынын ойнап жүре бересіз. Біраз уақыттан кейін татуласып кеткеніңізбен реті келгенде бұл жағдайды есіне салмай қоймайсыз.

Төртінші нұсқа
Сіз үшін күйеудің кеш келуі алаңдайтын мәселе емес. Бастысы, аман-сау оралды, болды емес пе? Ал келмей қалса қайтер едіңіз. Ол да ерігіп жүрген жоқ, жұмысында бөгеліп қалған болар деген оймен сабырлылық сақтайсыз. Бала-шаға қамымен түзде жүрген ер адамға айып тағудың қажеті қанша. Онда тұрған ештеңе жоқ.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: teletype.in
Қосылған күні: 07 қараша, 09:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.