Қанатшаны таңдап, қорғаушы періштеңіз қандай екенін біліңіз

Қанатшаны таңдап, қорғаушы періштеңіз қандай екенін біліңіз
Фото: teletype.in

Өзіңізге ұнаған қанатшаны таңдап, қорғаушы періштеңіз кім екенін біліңіз. Бірер минут ойланып, жүрек қалауына құлақ салыңыз.

Бірінші қанатша Исраил періштесіне тиесілі, ол адамның жан жарасы мен тән жарасын емдеуші. Сонымен қатар Исраил періште саяхатшылар мен қажылардың қорғаушысы. Исраил періштенің сүйікті түсі: ашық күлгін және алтын түсті. Сүйікті өсімдігі: бәден (анис) және лаванда.

Екінші нөмірлі қанатшаны таңдасаңыз, сіздің қорғаушыңыз Мәкәйіл (Жәбірейіл) періште. Ол адамды өз-өзін жоғалтып алудан сақтап, қауіп-қатерден қорғайды. Сүйікті түсі: қызыл және алтын түсті. Сүйікті өсімдігі: ладан және мирра.

Үшінші қанатша таңдасаңыз, сіздің қорғаушыңыз Жебірейіл періште. Ол жан қорғаушысы, шығармашылықпен айналысатын балалар мен ересектердің қорғаушысы. Сондықтан егер шабытыңыз келмей жатса қорғаушы періштеңізге жүгініп көріңіз. Оның сүйікті түсі қою көк және қызғылт сары болса, сүйікті өсімдігі ақтамақгүл (жасмин).

Төртінші суреттегі қанатты таңдағандар Әзірейіл періштенің қорғауында. Ол адамға өмірлік қиын мәселелерден жол тауып, ақиқатқа қол жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар ол қасиетті жерлердің қорғаушысы. Оның сүйікті түсі: қоңыр, изумруд түсті. Сүйікті өсімдігі: сандал.

Сіздерге періштелердің сүйікті түсі мен өсімдігін жайдан-жай ұсынған жоқпыз. Киер киіміңізді осы түсте, қолданар хош иісіңізді осы иісте таңдасаңыз, қателеспейсіз.

@. @assel_assanova