- Негізгі бет
- Психология
- Қай көйлек ұнайды?...
Қай көйлек ұнайды? (тест)
Адам мінезі оның әр ізінен, әр ісінен көрініс тауып отырады. Әсіресе, киген киіміне қарап болмысына бойлау оңай. Сіз берілген бес бейнеден өзіңізге ең ұнамдысын таңдасаңыз, біз мінезіңіз жайында сыр шертеміз.
1-көйлек. Сақ әрі мейірімді адамсыз. Өмірдің келеңсіз кездерін назардан тыс қалдырып, тек жақсылықты көруге ұмтыласыз. Көпшілік арасында көзге түскен ұнамайды, бірақ үнемі мінсіз боп жүресіз. Романтизмге бай, нәзік жаратылыссыз, мінезіңіз де жібектей. Әйелге тән әлсіз тұстарыңызды орынды қолдана білесіз.
2-көйлек. Жаңа ғана тігілген киімі өзіне құйып қойғандай – бұл теңеу тура сізге арналған. Жетістікке жету құпиясын ешкіммен бөліспейтін жансыз. Теңдессіз стиліңізбен, таңдаулы талғамыңызбен басқалардан айрықшалана түсесіз. Өзгелердің тамсана қараған көзқарасына етіңіз үйренген. Әсіресе ер адамдар сізге көп көңіл бөледі, бірақ сіз оларды көзге де ілмейсіз.
3-көйлек. Құпия бейтаныс. Сіздің бүкіл өміріңіз сахнаның сыртындай сырға толы. Оған тіпті жақындарыңыздың өзі бойлай алмайды. Кез келген шекараның бұзып-жарып өте аласыз. Ал гардеробыңыз классикаға тұнып тұр. Өзіңізге өте сенімдісіз. Ерлер өзіңізге қандай көзқараста екенін жақсы білесіз әрі мұны жақсы қолдана аласыз.
4-көйлек. Тойдың гүлі. Мақтаусыз тұра алмайсыз. Өзгелердің сынап-мінеуін көтере алмайсыз, себебі өз ісіңізге сенімдісіз. Шығармашылық жаратылыс деп сізді айтуға болады, кретивтік шешімдер шығаруды жаныңыз сүйеді. Жарқын харизмаңызды басқалар оңайлықпен естен шығара алмайды. Қиындықтар сізді қорқыта алмайды, оған тіпті пысқырып та қарамайсыз.
5-көйлек. Отбасының ұйытқысы. Ашық-жарқын мінезіңізбен ерекшеленесіз. Сіздің барыңыз да, нарыңыз да – жанұяңыз. Сүйікті адамдарыңыз үшін барлығына бара аласыз. Тіпті өз қалауыңызды да кейінге сырып қойып, өзгелердің ырқына көнесіз. Сізге еш қатысы жоқ адамнан да көмегіңізді аямайсыз әрі одан қайтарымын күтпейсіз. Сәннің жетегінде кетпей, ішкі және сыртқа дамуға инвестиция құясыз.
@. @assel_assanova