Еркелік пе, шолжаңдық па?

Еркелік пе, шолжаңдық па?

Көп ата-ана өз баласына деген махаббатты шамадан артық жұмсап қоятынын білеміз. Ал сол ата-аналар жәй ғана еркелік пен шолжаңдықты көбіне ажырата алмай жатады. Ата-ана, тіпті болашақ ата-ана білуі керек кеңес тек ененің қолынан келеді емес, сондықтан да пайдаға асырарлық жол жасамақ ниеттіміз. Шолжаңдықтың негізгі белгілерін айтуды жөн көрдік.

1. Баланың қалауы – әрдайым бірінші кезекте.

Десек те, ана мен сәбидің жұбында жетекші рөл анасында болуы керек. Егер әр кезде де бала өз айтқанымен жүретін болса, ата-аналарға тәрбие жүйесін тағы бір қарап шығуға кеңес береміз. Рас, баланың қалауы орындалуы керек, бұл жағдай тек баланың 3-4 жасар кезіне дейін созылып кетсе, жағдай қиын деген сөз.

2. Қоғамдағы бала тәрбиесі ережесі болмаса...

Егер ата-ана балаға жасынан қоғамдағы ережелерді үйретпесе оның мінезіне жаман әсер тигізуіне кәміл сеніңіз. Оның әрменгі тағдырында қоғаммен жіті қайнасып кетуіне біраз кедергі келуі ықтимал.

3. Нақты жүріс-тұрыс ереже шекарасының жоқтығы...

Баланың жас шамасына қарай оған берілетін құқықтар да өзгереді. Мұны нақтылай айтып, балаға қайталап айтып отыру керек.

4. Жасаған ісіне жауапкершіліктің болмауы...

Балалар қанша жаста болса да, не істесе жақсы, не істесе жаман болатынын біледі. Мұны ескеру қажет. «Ол әлі бала ғой» деп, жылы жауып қоя салу дұрыс өсіп-жетілудің катализаторы емес.

5. Себепсіз сыйлық...

Балаға себепсіз сыйлық жасауды көбіне оған деген махаббатымыз деп ұғамыз. Әсте де олай емес. Психолог мамандар бұл іс арқылы баланы менмен етіп, тұтынушылыққа үйретеді дейді. Сол үшін де қандай да бір себебі болмаса сыйлық жасауға асықпаңыз.

6. Баланың жылап, жер тепкілеуі...

Бала қалағанын жасатпаса көбіне «жылау» деп аталатын әдісті қолданады. Мұндай жағдайда ата-ана оның барлық жағдайын жасап беруге тырысады. Бала бұдан кейін бар мақсатына тек жылау арқылы жетуге болады екен деген сенімге беки түседі.

7. Үлкендер де бала болған...

Үлкен адам бала алдында барлық тәрбие ережелерін қатаң ұстауы қажет. Түзу жүріп, дұрыс сөйлеу ең бірінші іс болмақ. Ересектер не істесе де, бала оны айнытпай қайталайды. Сондықтан да, өзіңізді дұрыс ұстауыңыз керек.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: desktopwallpapers.org.ua

А. Құлтай