- Негізгі бет
- Психология
- Әйелдерге жағатын жұмыстар...
Әйелдерге жағатын жұмыстар
Ол азанмен ерте оянып, жұмысына ең әдемі киімдерін киіп, боянып, қуана-қуана, асығып барады. Кеңседе бәріне күлімсіреп, жұмысын жасап, кешкісін қайтқысы келмейді де... Бұндай арманға айналар жұмыс бар ма?
Қыздарға жағымды осындай жұмыстар тізімін психолог ғалымдар құрыпты. Бұндай кәсіптер қыздарға сенімділік, бақыт, материалды тұрақтық сыйлап, әйелдерге жағатын жұмыстар атағына ие болды.
Туризм бойынша менеджер. Саяхатшыларға экзотикалық елдердің салттар мен ондағы қызықтар жайлы қыздардан дұрыс ешкім түсіндіре алмайды. Сондай-ақ жұмыс жаңа таныстарға, жаңа жерлерге, сапарларға толы болмақ.
Бухгалтер. Бұл мамандардың 86%-ы әйел кісілер екені кездейсоқтық емес. Жауаптылық, сауаттылық, мықты жүйке жүйесі мен жайлы мінез - нағыз бухгалтердің сипаттамасы. Жақсы айлық пен бірнеше жұмысты қатар жасау, жұмысты үйге алу, жарты күн жұмыс істеу, отбасы бар арулардың өмір тәртібіне мінсіз келеді.
Дизайнер. Әрине ер кісі дизайнерлердің көбеюіне байланысты ең жақсы дизайнер әйел ме, ер кісі ме деген сұрақ туындай бастады. Бір қарасақ танымал сән үйлерінің басында ер кісі модельерлер тұрады. Алайда бұл жұмыс нағыз әйел болмысын ашады. Киім, сән, сымбат, интерьер, жаңа ойлар әйел адамға жұмысынан ләзат алуға көмектеседі.
Бренд-менеджер. Бұл кісі белгілі бір сауда маркасын, брендті, компанияның атының абыройын сақтап, көтеруге тырысады. Бәсекелес компанияларды зерттеп, олардан асып түсу амалдарын ойлайды. Егер әйел адам өз ісімен шынында қызықса, аналық түйсік өз ісін қорғауға бар күшін салуға көмектеседі.
Маркетолог. Маркетолог маманы айлакер, өткір ойлары бар, нарықты қадағалай алатындай қыз болуы керек.
Фитнес жаттықтырушысы. Спорт клубта жұмыс жасайтын ару өзі де әр уақыт сымбатты, дені сау, жаттықан болады. Міне нағыз армандағы жұмыс.
HR менеджер. Немесе қызметкерлер бойынша менеджер. Әйелдер бұл жұмыста өзінің ішкі интуиция, басқаларды бір көргеннен түсіне білу, мінезін, мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алу қасиеттерін қолдана алады.
Стюардесса. Бұл әдемі, қызықты, жаңа жерлер, сапарлар, жаңа таныстарға толы жұмыс нағыз қыздардың кәсібі екені сөзсіз. Сыпайылық, күтім көрсете білу, жұмсақ мінез осы жұмыста басты орында.
Ал сіз қандай жұмыс жайлы армандайсыз?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: abunda.ru, vitaportal.ru
С. А