- Негізгі бет
- Психология
- Ұзақ жоспарлау құрдымға...
Ұзақ жоспарлау құрдымға алып келеді
Жасағалы жатырған істі ұзақ ойластыру – сізді құрдымға алып келетін басты қателік.
— Ева Янг
Жоспарлау – мақсатқа жетелейтін басты әрекет. Дегенмен, тым ұзақ жоспарлаудың да жағымсыз жағы болуы мүмкін. Біріншіден, «мінсіз» жоспар құру барысында алтыннан да қымбатты уақытыңыздың басым бөлігін жоғалтасыз. Екіншіден, қайта-қайта жоспарыңызды жаңарту әдісі эмоциялық тұрғыдан сабырлық бергенімен, ешқандй нәтиже мен тәжірибе бермейді. Қалауыңыз бен «мінсіздік» идеологиясын кейінге ығыстырып қойыңыз да, іске кірісіңіз. Өйткені, мүлдем жаслмаған істен, сәтсіз шыққан іс әлдеқайда артық.
Егер жеңіл жұмыстың ауыр жүкке айналғанын қаласаңыз, оны кейінге қалдыра тұрыңыз.
—Олин Миллер
Адамдардың барлығына қорқыныш пен уайым тән. Қателіктен қорқамыз, сыннан жасқанамыз. Істі кейінге қалдыру арқылы түймедей нәрсені түйедей етеміз. Оны артқа қалдыра отырып оған күңгірт реңк сыйлаймыз. Сіз мәселені ғана көзге ілесіз де, сіздің санаңызда ол сіздің өміріңізге қауіп төндіретін нәрсеге айналады.
Істі аяқтаңыз:
Адамдардың басым бөлігі істің көптігінен күйзеліске ұшырамайды. Оның басты себебі – бастаған ісін аяқсыз қалдырырудан тұрады.
— Дэвид Аллен
Алғашқы қадамды жасамағыныңыз үшін өзіңізді нашар сезінуіңіз мүмкін. Одан бөлек, аяқталмаған іс те адамға жағымсыз әсер етеді. Сіз шаршаңқылық, күйзеліс пен мазасыздықты сезінесіз. Бұл сезімдерден құтылу үшін тізімде басталып, бірақ аяқсыз қалған істерді тездетіп аяқтауғы тырысыңыз. Сонда ғана сіздің ішкі сезіміңіз жақсара түседі.
Т. Есқали