- Негізгі бет
- Психология
- «Бақыт гормонын» оятатын...
«Бақыт гормонын» оятатын 7 ғылыми әдіс
Кейде ауыр жұмыс күнінен соң немесе үйде жалғыз қалған кезде көңіл күйіміз түседі. Сонымен қатар, әлеуметтік желіні жиі қолдану да өзімізді жалғыз сезінуге итермелейтіндігін айтып кеткенбіз. Ендеше, «бақыт гормонын» оятатын 7 ғылыми әдісті ұсынамыз.
1. Саябаққа бару
Канадалық ғалымдар ресми түрде растады: табиғатта саяхаттау күйзелісті азайтады, иммунитетті бекітеді және көңіл күйді көтереді. Бастысы, гаджеттерді үйге тастап кетіңіз.
2. Фитнеспен айналысу
Спорт ағзаны эндорфин бөлуге мәжбүрлейді. Сондықтан жүгіруден кейін немесе жаттығу залынан соң көңіл күйіңіз көтеріледі.
3. Ұйықтау
Біз ұйықтап жатқанда ми күні бойы басымыздан өткен эмоцияларды өңдейді. Сондықтан таңертең ұйқыдан тұрғанда кешегі проблемалар сонша маңызды емес секілді көрінеді. Сонымен қатар, зерттеулер бойынша, үнемі ұйқысы қанбайтын адамдар басқаларына қарағанда 10 есе депрессияға жақын және 20 есе ашушаң келеді.
4. Медитация жасау
Ғалымдардың ойынша, медитация – күйзелісті кетіретін және бақыт гормонын жұмыс жасауға мәжбүрлейтін ең жақсы әдістердің бірі.
Медитация жасау: бастаушыларға 5 кеңес
5. Күнге шығу
Ағза эндорфин бөле алуы үшін оған D дәрумені қажет. Бұл дәруменді біз күннен аламыз, сондықтан күннің астында жарты сағат жүргеннің өзі өзімізді бақытты сезінуге көмектеседі.
6. Ән тыңдау
Жақсы ән көңіл күйді көтеретіні ешкімге жаңалық емес. Сүйікті әніңізді қосыңыз, нәтижесі бірден білінеді.
7. Мысық сипау
Жануарлармен өзара әрекет күйзеліс деңгейін түсіріп, босаңсытады.
8. Құшақтау
Көңіл күйіңізді жақсарту үшін досыңызды немесе сүйіктіңізді құшақтаңыз. Қаншалықты жақын адамыңыз көп болса, бақытты өмір сүру мүмкіндігі соншалықты жоғары болатындығын ғалымдар баяғыда дәлелдеп қойды.
А. Жапатова