Берік неке аңыз емес

Берік неке аңыз емес
Фото: Аманбол Есимхан

Әрине, отбасындағы мәселелерді шешу нақты жағдайларға байланысты болып келеді. Бірақ тәжірибелі психологтар барлық жұптарға арналған бірнеше маңызды кеңес ұсынады.

1. Мінсіз серік болмайды

Жақсы неке мінсіз күйеудің немесе мінсіз әйелдің арқасында жасалмайды. Егер олай болса, тек бірегей адамдар ғана үйленер еді немесе жұбайлардыі бірі мінсіз отбасы ұзаққа бармас еді. Берік неке өзара үйлесімді қос серіктен құралады және бірі екіншісінің жақсы жағын іздеп тұрады. Өзара қолдау, құрмет, кешірім – отбасындағы ең маңызды қасиеттер.

2. Серігіңіз сізге барлық әлемді алмастырмайды

Көптеген жұптарда некелік қатынас туралы ақиқатқа сай келмейтін қияли ойлары болады. Олардың ойынша, некелік қатынас жан дүниесіндегі қуысты толтырады немесе күл талқаны шыққан өмірін біртұтас қылып жинап береді. Егер күйеуге шығарда серігіңіз сіздің күйеуіңіз, досыңыз, ұстазыңыз, ата-анаңызды алмастырушы және т.б болады деп ойласаңыз, көңіліңіз қалады. Барлық жағдайда тек күйеуіңізге сүйенудің қажеті жоқ, сізде достар, отбасы және өзіндік "меніңіз" болуы керек.

3. Не ексең, соны орасың!

Қатынасқа уақыт пен күш бөліп, онымен жұмыс істесеңіз, жемісін көресіз. Болып жатқан жағдайларды міндетті түрде серігіңізбен ақылдасып, бөлісу керек. Егер көңіліңіз толмаса, оны да іште сақтамай, сабырлықпен серігіңізге жеткізген жөн.

Отбасыдағы қарым-қатынасты жаңартуға 5 кеңес

4. Неке – инвестиция

Сіздің эмоциялық байланысыңыз (мейірімділік көрсету, қолдау, таңқалу, құрметтеу) қаншалықты жоғары болса, эмоция банкінде соншалықты жағымды "жарналар" болады. Егер маңызды күндерді ұмытсаңыз, серігіңізбен кеңеспей шешім қабылдасаңыз, банк босай бастайды. Сондықтан, отбасылық өміріңізді жақсы естеліктермен толықтырыңыз.

А. Жапатова