Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Табыс кілті

Табыс кілті

Америка президенті Линкольннің президент сайлауына қатысар алдындағы біраз жерлерде оқыған лекциясы әлі күнге құнын жойған жоқ. Бірақ оның осы сөздері өзі жалға алып тұрып жатқан бір досының үйіндегі әдеттегі сәлем хат қағазына жазылған болатын. Әлемге әйгілі жазушы Хемингуэй де бүкіл жазушылық ғұмырында әдеттегі қарапайым ғана қаламды пайдаланған. Атақты суретші Вангог сурет сызғанда өте қарапайым алты түрлі бояуды ғана істеткен. Ғұмыр бойы осындай қарапайым шығармашылық құралдарын пайдаланған жазушылар, ақындар, суретшілер, күйшілер бізде де жетіп артылады. Ең бастысы олардың көбі шынайы дарын иелері. Әрине, жаңалық жарату мен мұның байланысы шектеулі. Ең бастысы қалыптасқан әдет қана.

Бірақ мынадай шындықтың бар екені де рас. Қаншама аты шықпаған төмен деңгейдегі жазушылар өз шығармаларын компьютерде терумен бастайды. Қаншама атсыз-атақсыз фото суретшілері ең жоғары деңгейдегі цифрлы фотоаппараттарын пайдаланады. Біз атын естіп көрмеген суретшілер қан базарда өз суреттерін сатып тұрады. Және біз солардың ғана туындыларына таңдай қағып, тамсанып жүрміз.

Дарынсыздар қашан да өз кемшілігін осындай «сылтаулармен» жасырады. Бірақ бұл «сылтау» олардың табысқа жетуіне көмектеспейді. Керісінше, кедергі келтіреді. «Сылтау» қаншалық үлкен, зор болған сайын талантыңды жасыра береді. Оған қанша сүйенген сайын құрдымға құлай бересің. Қарапайымдылықтан биіктік тудыру сенің талантыңды ұштайды және дарыныңды әйгілей түседі.

Қолданған материал немесе құралыңыз – табысқа жетудің кілті емес. Шындығына келгенде, бәрімізде де кемшілік бар. Біз соны түрлі сылтаулармен жасырғымыз келеді. Жұрт көзінен жасырған кемшілігіміз өзімізге тіпті де ұмыт бола бастайды. Қашан да өзіңізге сұрақ қоя біліңіз. «Бұл бір сылтау емес пе?..» міне осы арқылы үздіксіз ізденуге болады. Өзіңе көп сұрақ қоя білу – талантыңды жасырып тұрған «ең үлкен сылтаулардан» құтылудың жолы.

Өзіңе сұрақ қоюды ұмытқан күнің – табысқа жетуден соншалықты алыстаудың бастамасы!

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: novate.ru

3760 4
Рейтинг: +7

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 08 қараша 2012, 16:48
Пікірлер
+0
08 қараша 2012, 17:35

тамаша шығарма жазғансыз, Алшын Матай! ;)

+0
08 қараша 2012, 17:44

Тамаша! Расында да, судың бетіне шыққан мұзтауды ғана көріп жүрміз, оның су астындағы бейнесіне назар аударуымыз да керек шығар. Алшын Матай өте дұрыс мәселе көтерген, сөзсіз! Айтпақшы, ол енді ешқандай "сылтаусыз" автоны жазады ал :ugeek: :mrgreen:

+0
08 қараша 2012, 17:58

Ойлы дүние. "Биттің құрылысы" деген әңгімені біледі деп ойлаймын, автоны да сол биттің құрлысы сияқты жазуға болады, меніңше! :twisted:

+0
17 қараша 2012, 02:30

өте тамаша мақала екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...