Ескеретін екі ақыл

Ескеретін екі ақыл

1-ақыл

 Оқымыстылар «Алты нәрседен үміт күтпеу керек» деп тұжырымдаған.

Олар:

  1. Бұлттың көлеңкесінен үміт күтпеген жөн. Ол желдің ығына қарай көшіп кетеді.
  2. Мақсатсыз достық. Ол басыңа іс түскенде маңыңнан ғайып болады.
  3. Әйел махаббаты. Ол кішкене іске бола бет бұрады.
  4. Сұлу көрік. Ол жас ұлғайғанда біртіндеп өшіп жоғалады.
  5. Жалған, өтірікті жақтау. Бұл да ақиқат алдында ауыр соққыға ұшырап, жеңіліспен тыным табады.
  6. Байлық. Ол иесіне опа қыла алмайды. Абай айтқан: «Көрдік қой дүние деген иттің көтін» деп. 

2-ақыл

Достасқың келсе, төмендегідей үш түрлі адаммен достасқан абзал.

  1. Ғалым мен кемеңгер. Олардың үйретері бар. 
  2. Жоғары мәдениетті адамдар. Олар шынайы досынан ақыл-кеңесін аямайды.
  3. Ақ көңіл адамдар. Олар достықтың негізін шынайылықпен қалайды.

Үш түрлі адамдардың достығынан сақ болған жөн.

  1. Өзімшіл пасықтар. Олардың ойлайтыны тек қана нәпсі.
  2. Суайттар (өтірікшілер). Олардың кеңесінен азап пен пәле-қаза өрбиді. Олар сен арқылы өзгелерге өсек тасиды және өзгелер үстінен өсек айтып, сені пәлеге душар қылады.
  3. Надандар. Мүдде тұрғысынан оларға сенім артуға, оларды сүйеніш етуге келмейді. 

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

M. Auelkhan