- Негізгі бет
- Психология
- Бақытты болудың 7...
Бақытты болудың 7 әдісі
Әркімнің өмірінде бір рет немесе тіпті, бірнеше рет бірдеңені өзгерту керектігін түсінетін сәттер болады. Алайда, өзгерістерден соң одан да жаман болуы мүмкін екендігін ойлап, қорқамыз. Өміріңізде бірдеңе дұрыс еместігін жетік түсіну – жағдайды өзгертуге арналған ең жақсы уәждеме (мотивация). Сәтті әрі бақытты болуға кедергі келтіретін екі себепке асығыстық пен өзіңіздің шынайы табиғатыңызды білмеу жатады. Үнемі бір жерге асығып жүруден және күнделікті қарбалыстан «бақытты болу» туралы ұмытсаңыз, төменге көз жүгіртіңіз.
Позитивті ойлаңыз. Асығыстық біздің басымызда басталады. Ой, сөз және әрекет бірге қосылғанда, қандай да бір салдарға әкеледі. Ол тыныштық, жұмсақтық, сабырлық, бақыт болуы немесе толықтай қарама-қайшылық болуы мүмкін. Сондықтан позитивті ойлап үйреніңіз. Бақытқа арналған жол жоқ. Бақыттың өзі – сол жол. Кейде ол өте қиын, бірақ қызықты жол болуы мүмкін.
Жақсылық жасаудан қорықпаңыз. «Не ексең, соны орасың» ережесі мүлтіксіз орындалатындығын байқаған боларсыз. Қандай да бір жақсылықты ойлап, жасасаңыз, орнына жақсы бірдеңе аласыз. Адам ішкі дүниесінің пайдасына бірдеңе жасаса, кенеттен пайдалы кітаптар мен қызықты адамдар жолығады, бүкіл әлем сізге көмектесіп жатырғандай көрінеді.
Бүгінгімен өмір сүріңіз. Қазіргі сәтке қуанып үйреніңіз. Тек болашақты ойлаумен болмаңыз: «мен ана болғанда бақытты боламын», «арықтасам, бақытты боламын», «көп ақшам болғанда бақытты боламын». Бақыт – нәтиже емес, процесс екенін ұмытпаңыз. Күнделікті өміріңіздегі ұсақ-түйек болса да, жағымды нәрселерге қуана біліңіз.
Қоқыстан арылыңыз. Келген ақпаратты «сүзгіден» өткізіңіз, барлығын өзіңізге сіңіріп алатын сорғыш болуды қойыңыз. Өміріңіздегі негатив әкелетін адамдармен араласуды доғарыңыз. Оның орнына энергия беретін адамдармен көбірек араласыңыз және шынымен де ұнайтын нәрсемен айналысуға тырысыңыз.
Армандарыңызды ертеңге қалдырмаңыз. Сізге қуаныш сыйлайтын, бірақ ақша әкелмейтін істен бас тартасыз. Барлық адамға қуаныш үлесі керек, ал материалдық заттар әрқашан қуаныш бере бермейді. Сондықтан армандаудан қорықпай, оған апарар іспен айналысуға уақыт табыңыз.
Тәлімгер табыңыз. Тәлімгер – сізді жігерлендіретін адам. Ол психолог, жаттықтырушы немесе құрбыңыз болуы мүмкін. Ол әрқашан көмектесуге және кеңес беруге дайын болу керек.
Йога немесе медитациямен айналысыңыз. Шығыс тәжірибесі өзіңізді тыңдауға көмектеседі. Оның көмегімен ішкі тепе-теңдікті тауып, өзіңіз үшін бақыттың не екендігін түсінуге болады.
А. Жапатова