Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Некеге дейін талқылануы тиіс түйткілдер

Некеге дейін талқылануы тиіс түйткілдер

Некеге дейін талқылануы тиіс түйткілдер

Жігіт пен қыз бір-бірімен көңіл жарастырып, болашақты бірге жоспарлаған сәттен бастап неке туралы сөз болады. Алайда некеге отырғаннан кейін талқылануы кеш болатын мәселелер бар.

Бала. Адамның өмірдегі ең басты миссиясы артына ұрпақ қалдыру десек те, өмірге бала әкелгім келмейді дейтін адамдар да кездеседі. Бұл көп жағдайда қазаққа жат қылық, әрине. Жігіт пен қыздың бірі көп баласы болуын қалайтын, бірі 1-2 баланы жеткілікті санайтын болуы да ықтимал. Тіпті қыз балам болмауын қалаймын дейтін адамдар да кездеседі. Бұл тұрғыдан ерлі-зайыпты болар адамдардың пікірі тура бірдей болмаса да, ұқсас болғаны абзал, әйтпесе соңы дауға ұлауы да ықтимал.

Өмірге көзқарас. Өмірде түрлі адам бар. Біреулер тіпті шүкіршілік айтудың өзін артық санауы мүмкін. Кей жігіттер болашақта өз әйелі толықтай жабық киінгенін қаласа, кей қыздар киіну стиліне ешкімнің араласпағанын қалайды. Сондықтан бұл мәселені де үйленбес бұрын шешіп алған дұрыс.

Адалдық. Қоғамда аз-ақ қалған осы ұғым туралы да екі жақтың көзқарасын анықтап алған артық болмайды. Кімге қаншалықты маңызды, кім қаншалықты сезімге адал болып, отбасын сақтап қалу үшін барын сала алады. Егер біреуі опасыздық жасаған жағдайда мәселе қалай шешіледі, осы сұрақтың барлығы талқылануы тиіс.

Ақша. Өмірде одан да маңызды нәрселер көп болғанымен, нарық заманында махаббаттан да ақшаны биік қоятындар саны артқан. Бір отбасыда ақшаны әкесі ұстаса, енді біреуінде анасы ұстайды. Мұны көріп өскен бала өзінің де болашақ отбасын солай елестетеді, яғни ақшаны қыздың отбасында анасы, ұлдың отбасында әкесі басқарған болса, бұл жұпта талас туындауы мүмкін. Ал егер отбасының бюджеті толықтай жігіттің анасына тиесілі болып, келіні барлық табысын енесіне тапсырып отыруға міндетті болса, бұрын бар қаражатын өзіне ғана жұмсап дағдыланған ару оған көндіге қоюы оңай емес. Міне, қаражат мәселесін де алдын ала шешіп алудың маңызы осыдан көрінеді.

Зиянды әдеттер. Ішімдікке, темекіге, есірткіге көзқарасы қандай? Құмар ойындар, компьютерлік ойындарға қалай қарайды? Бұл сұрақтар да бірінші қойылуы тиіс сауалдар қатарына жатады. Отбасын ортасына түсіретін себептердің бірі осы болуы да мүмкін. Қазір осы зиянды нәрселерді жиі тұтынатын болып, үйленген соң немесе балалы болған соң қоямын десе, оған сену бос әурешілік. Қойған жағдайда да кез келген уақытта қайта бастауына күмәніңіз болмасын. Бұл кемшіліктеріне көз жұма қарай аламын деген жағдайда ғана қарым қатынасты жалғастыруға болады.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Ruslan Ziganshin
Қосылған күні: 03 қыркүйек 2018, 16:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.