Махаббат баянды болуы үшін

Махаббат баянды болуы үшін
Фото: Екатерина Васильева

Адамдар танысады, ғашық болады, кездеседі, содан соң бірге өмір сүруді бастайды. Соңғы қадамға аяқ басарда жақсылап ойланып алып шешім қабылдаған жөн. Әйтпесе бір күні екеуі екі түрлі адам екенін түсініп, орта жолда кері қайтар жол іздеуі мүмкін. Қарым-қатынасты ұзақ уақыт сақтап, сезімді одан ары тереңдетете түсу үшін не істеу керек?

Көп уақытты бірге өткізу. Адамдар ұзақ уақыт бір-бірінің жанында болған сайын бауыр баса береді. Тіпті ешқандай әңгіме айтпаса да, үнсіздікте бірге өткізген уақыттың өзі қымбат әрі жақындастыра түседі.

Қос ғашық екі түрлі нәрсеге қызығатын болса да, хоббилері әртүрлі болса да, бір-бірінің қызығушылығын бағалауы тиіс. Сол іске өзі де қызығып, кіріспесе де, құрметпен қарап, осыны қойшы деп айтпау.

Жұбыңызды әрдайым қолдаңыз. Жағдайы болмай тұрғанын көрсеңіз, сырласып, жанында болып, қолдау көрсетіңіз. Әлдекіммен сөз таластырса, оныкі дұрыс емес екенін білсеңіз де, қарсыластың жағына шықпаңыз, үнемі өз серігіңізді жақтаңыз.

Жаныңызды мазалаған барлық оймен бөлісіңіз. Ренжісеңіз де, қуансаңыз да, мәселеге тап болсаңыз да, ештеңені жасырмаңыз. Адам тілдесу арқылы барлық мәселенің шешімін табады.

Махаббатыңызды жиі-жиі білдіріп отырыңыз. Ол үшін ешқандай оқиға, себеп керек емес. Жай ғана таңғы ас үстінде, демалыста, серуендеп жүргенде оны қалай жақсы көретініңізді айтыңыз.

Болашақ жоспарларыңызбен, армандарыңызбен бөлісіңіз. Алдағы өмірде еш ажырамай, бірге болғыңыз келетінін, сол армандарға бірге жеткіңіз келетінін білдіріңіз.

Ол сізбен бірге болғаны үшін рақмет айтыңыз. Кейде мен күткен адам осындай ма еді деген ой мазаласа, дереу ол ойдан арылыңыз. Бастапқыда қандай болғанын, қай қасиеттерін ұнатқаныңызды еске түсіріңіз. Сонда ол өзгермеген, жай ғана сіздің талаптарыңыз жоғарылай түскеніне көзіңіз жетеді. Басқалармен салыстыру туралы ойыңызға да алмаңыз. Қалай бар, солай қабылдаңыз.

@. @assel_assanova