- Негізгі бет
- Психология
- Тест: Отбасыңыз қандай?...
Тест: Отбасыңыз қандай?
Бізді үнемі қолдайтын, шын жүрегімен жақсы көретін отбасымызды бәріміз де үлгілі, тәртіпті, тәрбиелі отбасылардың қатарына жатқызамыз. Ал бүгінде өзіңіз отбасылы болсаңыз, енді сізді «балаларымның отбасы жайында ойлары қандай екен?» деген сауал мазалайды. Өз балаңыз болса да, ол өскенде сыни көзбен қарауды үйренеді. Сол себепті мына төмендегі сұрақтар арқылы балаларыңыздың отбасына деген бағасын біле аласыз.
1. Күйеуіңіз жұмыстан оралды. Сіз оны қалай қарсы аласыз?
а) Жұбайымды тағатсыздана күтіп, бетінен сүйіп қарсы аламын.
б) Амандасамын да, кешкі асқа шақырамын
в) Күтіп алудың қажеті не? Келді ма, шешініп, тамаққа өзі отырсын
2. Бір уақытта қымбат заттарды сатып алдыңыз. Ал сіздің күйеуіңіз?
а) Ақшасын төлейді. Кейде мұндай әлсіздігімді кешіреді
б) Алдымен барлығының ақшасына көз жүгіртеді. Көп болса ақша бермейді.
в) Қажетті заттарыма өзім төлеймін
3. Ұрыс-керістен кейін қалай татуласасыздар?
а) Тезірек татуласуға тырысамыз.
б) Егер салмақтылау нәрсеге ренжіссек, бірнеше күнге созылады
в) Ұзақ уақыт татуласа алмаймыз
4. Жарыңызға тапсырма бергенде орындамады. Сіздің реакцияңыз?
а) Ұмытып кеткен болар деп тағы да бір есіне салып қоямын
б) Ескерту жасаймын
в) Ұрыс шығарамын
5. Жарыңыз сізге жиі гүл сыйлайды ма?
а) Апта сайын сыйлайды. Бұл мен үшін көңіл сүйсіндірерлік жағдай
б) Мереке кезінде, мысалы, туған күнімде немесе 8 наурызда
в) Сирек сыйлайды. Тіпті соңғы кезде қашан бергені де есімде жоқ
6. Өз сезімдеріңізді отбасыңызда ашық білдіре аласыздар ма?
а) Иә, біздің арамызда сезім өте нәзік
б) Арасында болып тұрады, бірақ артық кетпейге тырысамыз
в) Жоқ, біз өз сезімдерімізді іште сақтауға тырысамыз
7. Достарыңыз жарыңызбен бірге сізді қонаққа шақырды. Жарыңыз не деп жауап береді?
а) Қуана-қуана барады. Менің достарым – оның да достары
б) қолы бос болса баруға әрекет жасайды.
В) Сенің дострың, өзің бара бер дейді.
8. Отбасында әркімнің өзіне міндеттелген жұмысы бар:
а) Иә, жартысы маған, жартысы оған жүктелген
б) Ер адамның жұмысын –ер, әйел адамның жұмысын – әйел жасайды
в) негізгі жұмыстарды мен атқарамын. Күеуім бұл уақытта демалады.
9. Жұбайыңыз достарымен отырып кешігіп келді. Аздап масаң, бірақ кешірім сұрау үшін тортын қолына ала келіпті. Сіздің реакцияңыз?
а) Бірге отырып тәтті жейміз
б) Тортты аламын, бірақ ренішімді жасырмаймын
в) Тәттісі маған керек емес, одан да ертерек үйге қайтсын
10. Қонақ шақырып жатқанда анаңыздың да келе жатқанын естідіңіз. Күйеуіңіз бұған қалай қарайды?
а) анаңның үйге жетуіне көмектеседі
б) алдымен аздап қабақ шытады, бірақ тез сабасына түседі
в) анам қайтқанша үйде болмауға тырысады
А жауабы көп болса, сізді құттықтауға болады. Бала-шағаңыз сізге махаббатпен, нәзіктікпен және қамқорлықпен қарайды. Сіздерді жұбы жарасқан жандар ретінде үлгі тұтады. Шаңырағыңызда үйлесімділік пен тыныштық орнаған. Бұл бала психологиясының дұрыс дамуына да ықпалын тигізеді.
Б жауабы көп болса, сіздің отбасыңызды тұрақты деуге болады. Балаларыңыз үлгі аларлықтай шаңырақсыздар. Дегенмен, ұл-қыздарыңызға деген махаббатты көбірек көрсетіңіздер.
В жауабы көп болса, жарыңызбен бірге араларыңыздағы қарым-қатынасты сақтап қалуға тырысыңыздар. Себебі араларыңызда болып жатқан жағдайларды балаларыңыз сезеді және олардың тәрбиесіне де әсер етеді. Бала үшін отбасын сақтап қалу маңызды.
Н. Үсенова